Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 8335 18 пікір 22 Сәуір, 2020 сағат 15:52

«Кезекті рет кезектен тыс сайлау өткізуі мүмкін»

Парламентке өтетін партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін арнайы квота бөлінбек. Бұл туралы министр Марат Бекетаев айтты.

«Заң жобасына сайлаудағы партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін арнайы 30 пайыздық квота енгізу ұсынылып отыр. Осыған байланысты «Сайлау туралы» Конституциялық Заңға «партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін квота енгізу» туралы талап қарастырылатын болады», - депті Қазақстанның Әділет министр Марат Бекетаев.

Бесплатной раздачи денег не будет - Бекетаев рассказал, как будет ...

Министрдің айтуынша, бұл әлемнің көптеген елдерінде қолданыста бар практика. Ол жастар мен әйелдердің сайлау процессіне тең араласуына мүмкіндік береді.

«Партиялық гендерлік квотаны Еуропа елдері қолданады. Әсіресе Германия, Норвегия, Франция мен Бельгияда бұл арнайы заңмен бекітілген. Осы тұрғыдан келгенде, халықаралық тәжірбиеге сай ұсынылып отырған нормалар әйелдер мен жастарға елдегі қоғамдық-саяси процесстерге белсенді араласуға мүмкіндік береді», - депті министр Бекетаев.

Айтпақшы, бұл заң жобасы бүгін Мәжілісте мақұлданып, енді Сенаттың қарауына жіберілген.

Ал әлеуметтік желіде пікір-сөз әртүрлі. Көпшілік жұрт сайлау туралы заңның талқыға салынуы, онда гендерлік мәселенің көтерілуі Парламент сайлауының жақындап қалғаны, деп болжайды. Біз тәуелсіз журналист, қоғам қайраткері Ермұрат Бапиға хабарласып, пікірін білдік.

Бұл қоғамды алдарқатудың амалы

Ермұрат Бапи:

- Бұл барып тұрған былжырақ дүние. Гендерлік саясатты заңға тықпалау, одан кейін жастарды әкеліп заңның әлпетін өзгертуге тырысу бұл - қоғамды алдарқатудың амалы. Бұл Батысқа, демократиялық қоғамдарға: «біз міне, гендерлік саясатты кіргізіп жатырмыз, жастарды қосып жатырмыз», деген өзінің ойын білдіру ғана.

Гендерлік саясат деген дүние ауызекі айтылып жүргені болмаса, заң жүзінде ондай құжат болған жоқ. Қазір Батыс елдерінде гендерлік саясат деген керемет. Анау Меркельден бастап көптеген елдерін әйелдер басқарады. Заңға гендерлік талаптардың енгізілуі Батыс елдерінің көзін алдау. «Міне, Қазақстандағы сайлау туралы заңдар демократиялық жолға, әділ сайлауға түсіп келе жатыр», деген әңгіме.

Жастарға бір ғана есік ашық, ол - ол - сәләфизм мен уахабизм

Ал енді жастардың квотасы дегенге келсек, қазіргі парламентте отырғандардың 80 пайызы 60-тан асқан адамдар екені белгілі. Сондықтан, ол парламенті жасарту тұрғысындағы өздерінің кезекті айла-амалдары. Егер шын мәнінде жастардың қамын ойлап жатқан болса, әуелі «Нұр Отанның» жастар қанаты деген сияқты дабыралықты қоятын еді. Жастарға нақты көмек жасаудың, жастарды қоғамдық-саяси өмірге араластырудың басқа да толып жатқан тетіктері бар. Мысалы, сайлау туралы заңдарды демократияландыру арқылы, жастардың арасындағы азаматтық-қоғамдық ұйымдардың құрылуына еркіндік беру арқылы т.б. жастарды заң шығару ісіне, үкімет басқару ісіне тартудың көптенген амалдары бар.

Қазіргі жағдайда жастардың қол-аяғын матап тастағаны сондай олардың баратын жері қалмады. Баратын бір ғана ашық есік бар ол - сәләфизм мен уахабизм. Сондықтан, мен заң жобасын қоғамдағы сайлау туралы заңнамалардың керемет өзгергені деп қабылдамаймын. Кезекті косметикалық көзбояушылықтың амалы.

Шынын айтсақ, мен бұл заң жобасын жіті ден қойып оқыған жоқпын. Өйткені, бұл өзі көңіл қойып оқитын құжат емес. Дайындалған жоба. Бұл - «суға кеткен тал қармайды» дегеннің амалы.

Қазіргі қоғамда пайда болып жатқан жастардың күші бар. Әсіресе, былтырғы сайлаудың тұсында «Шындықтан қаша алмайсың», онан кейін «Жас ұрпақ», «Республика» т.б. жаңа азаматтық ұйымдар пайда бола бастады. Олардың арасында көптеген жас қыз-жігіттер бар. Соңғы шыққан қоғамдағы оппозициялық, азаматтық протестік күштер осы жастармен байланысты. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл - «бір оқпен екі қоянды атып алудың» амалы секілді.

Кезектен тыс парламенттік сайлау өткізіп жіберуі мүмкін

Парламенттік сайлау жақындап қалды ма дегенге келсек, мен нақты биыл күзде, әлде осы жаздың аяғында өтеді деп айта алмаймын. Менің ойымша,  қазіргі билік қоғам алдындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруы керек еді. Ол - көпбалалы аналардың мәселесі, әлеуметтік, тұрғын-үй мәселесі т.б. Осы секілді ел-жұрттың протестік көңілін басатындай әлеуметтік жобалар болды. Оған мынау коронавирус індеті кедергі келтірді де, ол жүзеге асырылмай қалды. Қазір тіпті мүмкін емес. Енді көпбалалы аналарды немесе наразы халықты ғана емес, бүкіл Қазақстан халқын экономикалық-саяси дағдарыстан құтқару міндеті тұр. Осындай кезеңде, билік қитұрқылыққа басып, уақытынан бұрын парламенттік сайлау өткізіп жіберуі де мүмкін.

«Нұр Отан» партиясы сайлаудың алдында жиын өткіземіз деп дайындық жасап еді ғой. Оны күзге дейін өткізіп, партия құрамына басқа партия құрамында жоқ беделді азаматтарды паймерстің амалымен өздеріне шақырып, қоғамдағы саяси белсенділердің біразын өздеріне қсоып алмақ та болды. Оған да жаңағы індет кедергі келтірді. Айналып келгенде осылардың барлығы әуелгі жоспарға кереғар болғандықтан, енді күтетін ештеңе жоқ секілді. Сондықтан, менің ойымша, күздің аяғы, қыстың басында сайлау өтіп қалуы да мүмкін. Бұл кезекті кезектен тыс сайлау болады..

Негізінде, биліктің ниеті сайлау туралы заңдарды демократиялық түрге келтіру болса, оны құбыжық қылмай, қарапайым ғана, елдегі партия құрып, қоғамды өз қатарына топтастырып жатқан азаматтарға еркіндік беріп, құрылып жатқан партияларды тезірек тіркейтін еді. Одан кейін сайлаудағы көп партиялық, бір мандаттық жүйелерді қалпына келтіретін еді. Бұл қарапайым дүние. Оған гендер деген сияқты терминдерді тықпалаудың қажеті жоқ та. Халықтың саяси-экономикалық жағдайы маңызды. Құдай бұйырса, 2030 жылы Назарбаев айтпақшы, гендердің жайын жөндеп аламыз, қажет болатын болса. Қазір ондай алдарқатудың қажеті жоқ. Қазір жалпы қоғамды, мемлекетті құтқарудың міндеті тұр алдыда.

Оның үстіне, соңғы жаңалықтардан көрдіңіздер, осыдан бір аптадай бұрын  Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бірінші орынбасары Байбекті қабылдады. «Нұр Отанға» қарсы өз айтатын азаматтардың аузын жабыңдар» дегендей команда берілсе керек. Партияға қарсы жаман сөз айтылмауы керек. Ал проценттерді өзіміз жазып аламыз ғой деген сияқты сөз болған сияқты.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435