Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2811 1 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 11:52

Білімнің тарауына не кедергі?

Білімнің тарауына не кедергі (сыбырлап: надандар емес) және неге ғалымдардың бізге пайдасы жоқ

Мына қарапайым ақиқатты мықтап түйіп алу керек екен. Бұ жолы үнемі қарғысқа қала беретін қияли надандарға емес, мына кәдімгі өзімізге. Әлемде салыстырмалы түрде оңалмайтын, үмітсіз қараңғы надандар саны тұрақты 15 пайызды құрады делік. Ал ежелеп үйретуді қажет етпейтін, елден озып білетін зеректер саны 15 пайызды құрайды десек, бұлар жеме жемге келгенде көп нәрсені шешпейді екен.
Қоғамдағы таразы басын екі жақтың бір жағына бұратын бұлар емес. Ортадағы 70 пайыз.

Ортадағылар асып бара жатқан данышпан емес, бірақ дәйек пен айғақты тырысса түсіне алатын, надандық пен парасаттан дәмесі алма кезек пайда болатын, түптеп келгенде қоғамға тигізер таза пайдасы әлгі екі шеткі топтан артық болатын тірлікке жарамды адамдар категориясы. Мемлекет келбетін анықтайтын да осы топ.

Байқайтыным 15 пайыз сауатты қауым 15-пайыз үмітсіз надандармен соғыста тауы шағылып, бүкіл халықтан көңілі қалса, әлгі 15 пайыз қараңғылық таратушылар масаттанып, ортадағы потенциалы бар көпшілікті артқа тарта береді. Одан ел де, қоғам да ештеңе таппай, батқан шырмауығына шырмала береді. Солармен қырылып, дем тауысудың орнына сенің кемінде екі сөйлеміңе ілесе алатын адамдармен және өз қараңғылығын мәртебе көрмейтіндермен бөліскенің дұрыс. Олар аз емес.
Неге интернетте кейде офлайнда өзіңнен басқаның бәрі топас сияқты, халықтың бәрі тегіс қараңғы сияқты сезім қалыптасады?

Себебі, төменгі 15 пайыздың даусы қатты шығады. Олар өздеріне өте сенімді.

Пікір жазар бұрын көп адам ойланады, таразылайды, көбі ештеңе жазбайды, тақап сұрамасаң айтпайды тек оқумен шектеледі.
Жазып қойса да, күмәнданып отырады, қате жібермедім бе осы, артық айтпадым ба екен деп. Мұнымнан басқаны қойып, ең құрыса өзіме не мәні бар деп ойланады.

Ал кешірерсіздер, қараңғы адам надандығын таратпаса іші ауырады.
Ол надан өзің болуың да мүмкін. Себебі, сенен тым артық білетіндер саған есуас көрінуі де табиғи жағдай.

Нәтижесінде желіге кіресің, оқудың өзі миыңды кемі 10 мың жыл кері қарай секіртетін пікір оқисың. Пойызға мінесің, бір сиқырлы ютюб контентке тойып алған "Христос" төсегін төсемей жатып, ел-жұртқа сайрап отырады "как она есть" ғаламзаттың бүкіл сырын шашып тастап.
Оны тыңдап, үндемегеннің бәрі топас па?

Құдай біледі, кейбірінің ақылы жеткенімен, темпераменті көнбіс, анау-мынауға алаңдамайды. Ішінен, "ой, сорыңды ұрайын-ай", дейді де angry birds- ін ойнай береді.

Біз басқа елдерден қатты топас емеспіз, тек өте ұмытшақпыз. Көшпенді өмір мида көп ұғымдарды сақтауға үйретпеген ғой деймін.

Елдің бәрі ғалым болуы шарт емес әрі қажет те емес. Ғалымдар жалпы материалдық тұрғыда ең пайдасыз халық. Содан ғой, миллиардер болып кеткен ғалымдар аз. Ғалымға обал ма? Жоқ. Обал емес. Ғылым мен білім екі бөлек. Біздің өмірді жеңілдететін ғалымдар емес. Инженерлер. Технологтар. Ғалымдар күнделікті пайдасы бар шопақ та өндірмейді. Осы тұста, маған ренжуіңіз мүмкін. Ғалымдар пайдасыз ба сонда?

Жоқ. Ғалымдар өнертапқыш инженерлері жоқ ел үшін ғана пайдасыз. Себебі ғалымның мақсаты пайдалы бірдеңе жасау емес, ғылым көкжиегін кеңейту. Қоршаған орта туралы пайдалы-пайдасыз ақпарат жинау. Оны сорттап, пайдаға асыратын өнертапқыштар.

Ғылымдағы 99 пайыз ақпараттың пайдасы жоқ. Әзірге. Себебі инженер-технологтар ол білімді күнделікті пайдаға асыру жолын әлі ойлап таппады.
Ғалым менталитеті мен өнертапқыш менталитеті екі бөлек дүние. Ғалым көбелекті не үшін зерттеу керек деп басын қатырмайды. Зерттейді, тапқанын тіркейді. Болды.

Көбіміз өнертапқыштар сияқты пайда категориясымен ойлаймыз. Елге, жерге, өзіме, отбасыма пайда қайсы деп. Не үшін деген сауалға жауап іздейміз. Ғылым өйтпейді. Өнертапқыш психологиясы бизнесмен психологиясына жақын. Ғалым - кішкентай бала сияқты. Бәріміз ол сатыдан тым ерте өсіп кетеміз де, пайда әлеміне сүңгиміз.

Сондықтан, ақпарат тым көп болса, бірден қорғаныс механизмі іске қосылады мида, "Маған дәл осы, дәл қазір керек пе?"

Ақпарат тым көп, әрі күрделі болса, тіпті де "Ақша бола ма жоқ па, соны айтшы, мыжымай" деген апаттық сигнализация қосылады. Оның бәрі табиғи реакция.

Ақпараттан құтыла алмайсың, демек түбі миың толып қалады. Оның дұрыс дүниемен толуы үшін дегенмен, біз фильтрлерімізге күтім жасауымыз керек. Кейде фильтрлерді шығарып, қағып, тазартып, жаңасына алмастырып отыруда мән бар.

Кешегі күнге дейін Қытайда бананға СПИД вирусын шприцпен салып байғұс қазаққа сататыны жайлы пікірге сенген ел екенімізді де ұмытпайық.
Фильтрлеріміз қауағымызға толатын ақпараттың дәлдігін анықтауы керек, оның жағымдылығын емес. Дәл керек кезде сеніміңді ақтамайтын қызық бірақ жалған ақпардың пайдасынан зияны көп. Одан ішпыстырарлық шынайы ақпар тәуір. Сондықтан, ақпаратты оған күндерің түспей тұрып тексеріп алған пайдалы.

Одан бөлек деңгейіңді ескер. Сенен тым көп білетін адаммен әңгімең жараспай қалуы мүмкін. Потенциал сұхбаттасың сенен кең болып, әңгімең жарасса да, сен оны салыстырмалы ақымақтығыңмен әрнені сұрап шаршатып жіберуің мүмкін. Вышматтан сабақ бере алатын адамға қосу-алуды үйретуін тегін талап ету дағдыға, білімге жасалған қиянат.

Қысқасы, бірдеңе үйренем десең өзіңнен ол саладан сәл ғана көбірек хабардар адамға жүгін, үйретем десең де өзіңнен хабары сәл азырақ адамға үйрет, сонда білім сусыны надандықтың тік жарына соқтықпай, текпішекпен керек жеріне жетеді.

Асқар Базарбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395