Ол сәуірдің басында ауруханаға түсіп, үш күн интенсивті терапия палатасында жатқан. Бір аптадан кейін медицина қыметкерлеріне алғыс айтып, ауруханадан шыққан соң тағы екі апта сауығу курсынан өткен.
Сауығып шыққан соң дүйсенбінің таңында премьер-министр алғаш рет мәлімдеме жасады. Джонсонның сөзіне қарағанда, Британия эпидемияның шарықтау шегінен өткенге ұқсайды, соңғы күндері инфекциямен ауруханаға түскендер азайған.
Джонсон коронавирусқа байланысты қоғам өміріне енгізілген шектеулерді біртіндеп азайтатын жоспар әзірлеуге уәде беріп, оппозицияны кеңесуге шақырды. Коронавирус эпидемиясы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен сын болды деді.
Ресми мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырғандар Британияда 152 мыңға жеткен, бұл - әлемдегі алтыншы көрсеткіш. Инфекциядан 20 мыңнан астам адам өлген. Британия билігі инфекциядан жазылғандар жайлы статитистика келтірмейді.
Британияда карантин жарияланғанына бір айдан асты. Баспасөз бен оппозиция «Еуропаның өзге елдерімен салыстырғанда карантинді кеш жариялады» деп Джонсонды сынға алған.
Ресейдің «РИА Новости» агеттігі «Джонсон тыныс аппаратына қосылды» деп хабарлаған. Алайда, Джонсон емі кислород терапиясымен шектелген. Британия үкімет РИА ақпаратын жалған мәлімет деп атады. «Медуза» басылымы «тыныс аппараты» жайлы хабарды агенттіктің Мәскеудегі жетекшілігі нақты дереккөзге сүйенбестен жазды деп тұжырды, бірақ оны Риа – Новости жоққа шығарды.
Abai.kz