Шығысқа шын риза болды
Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндерінің ресми түрде ашылу салтанаты мен «Туған жерге - тағзым» тарихи-этнографиялық және «Шығыс Қазақстан суретшілері: дәстүрлер мен қазіргі заман» атты көрме қыркүйектің 9-ы күні Президенттің мәдени орталығында болып өтті. Тарихи маңызы зор шараға облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ, Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева, ұлттық мәдениетіміздің жанашыры, Президенттің мәдени орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, жазушы, драматург Сұлтан Оразалин сынды белгілі тұлғалар қатысты.
- Қазақта «тарихсыз болашақ жоқ» деген қанатты сөз бар. Біз неғұрлым тарихты жақсы білсек, соғұрлым мемле-кетіміздің дамуы мен болашағы жарқын бола түспек. Бүгінгі мұражайдағы көрме осындай ізгі мақсаттан туып отыр. Көр-меге қойылған сан түрлі заттар мен суреттерді тамашалау арқылы Шығыс Қазақстан жайында кеңірек мәліметтер аласыздар деген ойдамын. Біз өзіміздің тарихымызды, тегімізді, қандай ұлт болғанымызды танып білу үшін осындай мұражайлардың, көрмелердің маңызы басым, - деп атап көрсеткен Әкім Бердібек САПАРБАЕВ мәдени орталыққа келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

Залға жиналғандардың басым көп-шілігі жастар болғандығы бізді қатты қуантты. Ата-бабасының көне тарихы мен мәдениетіне деген, салт-дәстүріне деген қызығушылық кейінгі буын жастардың бойына отаншылдық, патриоттық рухтың дәнін себетіні сөзсіз. Көрмеге ұсынылған облыстық өнер мұражайы мен Семейдегі Невзоровтар мұражайының жәдігерлері өзінің ерекшелігімен, сан ғасырды артқа тастаған көнелігімен жұртшылықты елітіп әкетті.
Мәселен, қазақтың зергерлік әшекей бұйымдары, аймағымызда мекен ететін әр ұлт өкілдерінің киімдері, ескіден сақталған тұрмыстық құрал-жабдықтар, ат әбзелдері мен ер жігіттің бойынан табылатын қару-жарақ түрлері көрермен қауымның назарын аударды. Әсіресе, IX-X ғасырда жасалған темір қылыш, б.з.д. бір мың жылдықта қолданылған семсер, б.з.д. екі мың жылдықта қолданылған тастан жасалған қалып тәрізді көрмедегі көне заттардың бірсыпырасын көзбен көріп, таңдай қаққандар көп болды.
- Егемендіктің жиырма жыл-дығына арнап өзінің байтақ тарихы мен тамыры тереңге кеткен мәдениетін, асыл қолөнер бұйымдарын осында алып келгенде қайсысынан бастап, қалай орналастырамыз деп басымыз қатқаны рас. Бәрі де мазмұнды, мағыналы дүниелер, бәрі де айқара ашып көрсетуге лайықты құндылықтар. Түркілердің алтын бесігі болған Алтайдан жеткен асыл заттарға қарап, өзім бұрыннан білетін Шығыстың мол мұрасын тағы да көзден өткізіп, санада жаңғыртып отырған жайым бар. Ұйымдастырылған көрменің тәрбиелік мәні зор болмақ, - деп сөзін сабақтаған Президент мәдени орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков игі іске мұрындық болған басшылыққа алғысын айтты.
Мәдени орталықта бұған қоса «Туған жерге - тағзым» акциясы аясында атқарылған жобаның, дәлірек айтсақ «Күншығыс» атты Шығыс Қазақстанның атлас кітабының тұсауы кесілді. Көз тартар түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапта біздің аймақтың тарихи-мәдени, археологиялық-этнографиялық және биозоологиялық қорлары жөнінде мол мәліметтер сұрыпталып жинақталған. Жобаның тиімділігі сол - облыс көлемінде өлкетануды, туризмді дамытуға үлкен септігін тигізеді. Атластың құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталсақ, таби-ғат, өсімдіктер мен жануарлар, құстар, балықтар әлемі, тарих, мәдениет және қазіргі заман сияқты бөлімдер қарастырыл-
ған. Жарық көрген жаңа кітаптың маңыздылығына тоқталған жазушы, драматург Сұлтан Оразалин жалпы осындай игі істердің өткізілуі зиялы қауымды ерекше қуантып отырғандығын айтты.
- Біз бүгін қатты қуанып отырмыз. Себебі, Өскемен - ұлттық мәдениеттен қол үзіп қалған, тарихымызға деген мән беру аза-йып кеткен, қазағынан басқа ұлт өкілдері басым тұратын қаланың бірі. Соған қарамастан бүгінгі күні ұлттық құндылықтарға түбегейлі бетбұрыс жасалғанын, құрып кетудің алдындағы мұралардың қайта жанданғанын, жаңғыра бастағандығын осы көрме дәлелдеп берді. Мұны ұйымдастырған облыс басшылығына алғысымыз шексіз, - деп ағынан жарылды жазушы Сұлтан Оразалин.
Серік Әбілхан, арнайы «Абай.кз» ақпараттық порталы үшін.
Астана қаласы