Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2746 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 04:38

Қуандық Шамахайұлы. Дағдарыстың екінші толқыны келе ме?

Әрине, бұл сұрақты үкімет мүшелеріне қойсақ, өте оптимистік жауап алатынымызға еш шүбә жоқ.  Бидай бітік шықты, жылу станциялары қыс маусымына дайын, мал семірді, мұнайдың бағасы әлемдік нарықта өсті, теңге тұрақтанды т.с.с. Бәлкім, бұл біздің өнім өндірмейтіндігімізге, тек тұтынушы болып қалғандығымызға немесе қор биржаларының, құнды қағаздар нарығының дамымағандығына байланысты да шығар. Әлқисса, әңгіменің негізгі төркіні былай...

Жалпы, біз секілді дамушы елдердің бір қатарында айналымға түспеген қаражат көп мөлшерде бар көрінеді. Бұл туралы әлемге әйгілі ірі экономистердің бірегейі саналатын Эрнардо дэ Сото ала жаздай жар салды. Ол бірнеше постсоциалистік елдердің ішкі экономикасымен танысқаннан кейін кәдімгідей дабыл қаққан көрінеді. Айналымға түспеген болса, оның өлі қаражат екендігіне еш шүбә жоқ. Қаржы-қаражатты айналымға енгізудің негізгі тетігі - есепке алу жүйесі екендігін әркім біледі. Сіз қымбат әрі аса құнды ғимаратты қыруар қаржы жұмсап салып қойдыңыз. Салған зәулім сарайыңыз көздің жауын алады, тіпті кірсе шыққысыз тамаша. Алайда, оныңыз есепке алынбаған, яғни, оны мемлекеттік, қоғамдық, банк қаржы, сақтандыру ұйымдары мойындамаған болса онда қанша жерден жайнап тұрса да өлі капитал.

Әрине, бұл сұрақты үкімет мүшелеріне қойсақ, өте оптимистік жауап алатынымызға еш шүбә жоқ.  Бидай бітік шықты, жылу станциялары қыс маусымына дайын, мал семірді, мұнайдың бағасы әлемдік нарықта өсті, теңге тұрақтанды т.с.с. Бәлкім, бұл біздің өнім өндірмейтіндігімізге, тек тұтынушы болып қалғандығымызға немесе қор биржаларының, құнды қағаздар нарығының дамымағандығына байланысты да шығар. Әлқисса, әңгіменің негізгі төркіні былай...

Жалпы, біз секілді дамушы елдердің бір қатарында айналымға түспеген қаражат көп мөлшерде бар көрінеді. Бұл туралы әлемге әйгілі ірі экономистердің бірегейі саналатын Эрнардо дэ Сото ала жаздай жар салды. Ол бірнеше постсоциалистік елдердің ішкі экономикасымен танысқаннан кейін кәдімгідей дабыл қаққан көрінеді. Айналымға түспеген болса, оның өлі қаражат екендігіне еш шүбә жоқ. Қаржы-қаражатты айналымға енгізудің негізгі тетігі - есепке алу жүйесі екендігін әркім біледі. Сіз қымбат әрі аса құнды ғимаратты қыруар қаржы жұмсап салып қойдыңыз. Салған зәулім сарайыңыз көздің жауын алады, тіпті кірсе шыққысыз тамаша. Алайда, оныңыз есепке алынбаған, яғни, оны мемлекеттік, қоғамдық, банк қаржы, сақтандыру ұйымдары мойындамаған болса онда қанша жерден жайнап тұрса да өлі капитал.

Капитализм жүйесіндегі нарықтық экономикада  материалдық және рухани барлық қаржы-қаражат, дүние атаулы айналымға түсіп, иелері оның игілігін көріп, жемісін жейді. Ал, дамушы елдер олай жасай алмайды екен. Біршама өлі капиталды жинап алып, сақтап қана отырғандықтан онда капиталистік қатынас дамымай жатыр - дейді, әлгі экономика саласының білгірі Эрнандо дэ Сото.

Сото мырзаның бұл тұжырымын ғылыми жаңалық деуге тұрарлықтай. Себебі, әлемнің әр тарабындағы оншақты елге жүргізген зерттеулері арқылы ол өзара өте ұқсас нәтижеге қол жеткізіп отыр. Айталық, Мысыр, Филиппин, Гаити үшеуі діни сенім, салт-дәстүр, тарихи болмыстары мен халқының менталитеттері мүлде басқаша бола тұра олардың құрып жатқан «капитализмдері» өте ұқсас көрінеді. Ұқсас болғанда да, баяғы сол тау-төбе етіп үйіп қойылған өлі капитал.  Сотоның зерттеуін Ұлан-Батырда жүргізгенде Перумен ұқсас қорытынды шыққан. Ел астанасының шетінде салынған ықшам аудандардың өзінен айналымға түспеген жеті миллиард доллардың мүлкі шыға келген.  Ал, біздің Астана мен Алматыда сол зерттеуді жүргізіп көрсек қандай нәтиже көрсетерін, қай елмен «мұңдас» екендігімізді болжауға болатын да сияқты. Бірақ, бұның өзі жеке бір әңгімеге арқау болатын мәселе.

Есепке алынып, мойындалған айналымдағы қаражат пен ешкімге беймәлім иегері де танылмаған өлі капиталдың арасында қандай айырмашылық бар дегенге бір қарапайым мысалды алайық. Сізде тайдың тұяғындай алтыныңыз болсын делік. Оны сіз кепілдікке қойып, ақша аласыз да сол қаражатыңызды тағы бір биржаға ма, құнды қағаздар нарығына ма айналымға саласыз. Егер жоғалып кетсе, сақтандыру компаниялары шығыныңызды өтеп беретіндіктен ештеңеден қорықпайсыз. Қысқасы, сол жұдырықтай алтыннан күнде сауын сиырыңыз сияқты ақша сауасыз да отырасыз. Ал, сол алтынды үйіңізге тығып қойсаңыз ол бір тас қана. Сізде ондай алтын барын кім біледі, білсе де алтын екендігіне сенуінің өзі екіталай. Өзіңіздің тайтұяқ алтыны бар әжептәуір бай екендігіңізді кімге барып қалай дәлелдейсіз.

Сото дамушы елдердің біразының үкіметіне өз зерттеуінің нәтижесін осылай түсіндірмек болғанда көп шенеунік адам санағымен шатастырып аса мән бермегенге ұқсайды.  Сөйтіп жүргенде, Испанияда тағы бір  Сото дейтін атақты экономист пайда болды. Жэсүс Хуэрта дэ Сото деген есім 2008 жылғы экономикалық дағдарысты алдын ала болжаған азғана ғалымдардың бірі ретінде әлемге танылған. Сол дағдарысты Қытай, Үндістан, Бразилия экономикасы еңсерген болса, таяу келіп, енді есік қаққалы тұрған дағдарысқа ешкім төтеп бере алмайды деген болжамды ол бүгін жасап отыр. Грек, Португаль, Испания елдері алдымен  Еуропа одағын таратып құлатпақ көрінеді.  Тумысынан молшылық көрмеген гректер Еуропа одағына еніп,  еуромен сауда жасай бастағанда жұмақтың төріне шыққандай масайраған дейді. Ал, шын мәнінде жұмысты немістер істеп, игілігін гректер көретін әділетсіздік қайдан орнай қалсын. Жатып ішетін тегін тамақ ешкімнің пешенесіне жазылмаса керек. «Гректерше жұмыс істеп,  скандинавша өмір сүру мүмкін емес» деп батыстықтар айтқандай алмақтың да салмағы бар болып шықты. Ақыры міне, үш жыл болды, әлі ереуілдеумен күн батырып келеді.

Жэсүс Сото соңғы зерттеуінің арқасында дағдарыстың жалпы болмысын тауып таныдым деп отырған көрінеді. 1928 жылы Америкадан басталып күллі әлемді шарпып өткен дағдарыстың түпкілікті себебін зерттеген оның тұжырымы бүгінде өте нанымдылығымен экономист ғалымдардың назарын аударып отыр. Оны әлемге аты мәшһүр экономист Милтон Фридман көп жыл зерттей келе ақыры Американың орталық  банкісі мен  федералдық ресурс ұйымын кінәлі деп тапқан. Олардың ақша саясатын теріс жүргізгендігін нақты дәлелдеген. Ал, Сото болса оны жай ғана салдар ретінде көрсетеді де себептің тым арыда жатқандығын айтады.

Американдықтар тұрақты дамудың арқасында дүниежүзінде ХХ ғасырда  ең ірі экономикалық жетістікке жеткені белгілі. Дүниежүзілік бірінші соғыс Еуропаны тұралатып тастаған соң біздің ғаламшардағы саяси, әскери, мәдени орталық атаулы мұхит асып жаңа құрлыққа жетсе керек. Фордтың  автокөлік өндіру қозғалысы екі аяқты пендені төрт дөңгелектің үстіне шығарды. Тоңазытқыш, радио, автокөлік секілді заттар әр отбасының күнделікті құралына айналып,  әлемдегі ең жоғары жалақы алатын американдықтар үлде мен бүлдеге оранып шалқи бастады. Олар тап бір пейіштің төріне шыққандай-ақ ертеңін ұмытты.  Артық ақшаларын биржаға апарып қоя салады, онысы өзінен өзі өсе береді. Ал, бағы жанған біреулерінікі неше еселеп өсіп, ақша иесін тіпті ұшпаққа шығарады.   Кино индустрия деген тіпті шегіне жеткенше дамып, адамдар шынайы өмірден қол үзе бастаған.

Ақшаны өнім жасайтын өндіріске енгізіп еселеуге көбісі бас қатырмады. Ішкені алдында, ішпегені артында ақшаны оңды-солды шашып, шайқап жүрді. Биржаны бейне бір ақша көбейткіш машина іспетті түсінді. Сонда апарып бірнеше жасыл қағазды лақтыра салсаң болды, рахат өміріңді сүре бересің.  Алайда, тосыннан пайда болған дағдарыс биржадағы ақшаны бір-ақ күнде тып-типыл етті.  Ақша қорын жасамаған, инвестиция атаулыны ойламаған жұрт сол сәтте-ақ пейіштен сырғып түсіп тозаққа тап болды. Олардың хан сарайындай әсем ордалары мен жалт-жұлт етіп көздің жауын алған темір тұлпарлары ақша таппады, оны қайтадан тиын-тебенге айналдырудың өзі мүмкін болмай қалды. Нағыз «алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екеннің» кері келді. Әсем ордалары мен әдемі машиналарын ет пен нан орнына жеуге келмейді ғой. Осылайша, ұлы Абайдың айтып кеткен «еріншек жалқау мал шашпақ» тірлік тек өздерін ғана емес, бүкіл дүниені құрбандыққа шалды.

Ақша табу оңай, ал, оны жұмсай білу үшін зор ақылдың қажет екендігі осылайша алға шықты. Қайыршыға балық берме, керісінше, оны аулайтын қармақ бер деген тәмсіл осыдан шықса керек.

Әлемде бізді табиғи шикі затқа бай ел деп біледі. Forbes-тің «алтын тізімінде» жарияланған мәліметтерге сүйенсек, қазақстандық миллиардерлердің жиған-тергені тұтас алғанда 16,9 млрд АҚШ долларына бағаланыпты. Бұл қаржы елдің жалпы ішкі өнімінің 13 %-дан астамын құрайды екен.  Forbes тізіміндегі 7 миллиардердің қазақстандық екені бүгінде ес жиып, етек жапқан бала-шағаға да мәлім. Ал, елге келген қандай пайда бар?!

ТМД Статистикалық комитетінің    хабарламасында Қазақстан  биылғы   жартыжылдықта   жалпы ішкі өнімнің  өсуі бойынша    8,3 пайызды құрап, бұрынғы одастарының арасында көш бастаған көрінеді. Еліміз  бюджетінің елу пайызға жуығы мұнай өндіру мен оны экспорттаудан толығады. Бірақ, қаржы жылдам түсетін мұнай секторы жұмыспен қамтамасыз етудің басты көзі болмаса керек. Себебі, мұнай бағасының құбылуы үкіметтің жалпы бюджеттік шығындар туралы жоспарына қалай әсер ететіндігі қазан айының басындағы Парламент отырыстарында-ақ байқалды.

Қазақстандағы бюджетті жоспарлауда шикіліктер көп. Неге? Елде қаржының өзге мақсатқа жұмсалуы немесе игерілмей кері қайтуы ойнамалы індетке айналған. Обалы нешік оны заң жобасын талқылау кезінде депутаттар айтуындай-ақ айтты. Ал, оған үкімет мүшесі Қайрат Келімбетовтің берген жауабы шындықтан алыс кетпегендей болды. Министрдің мәлімдеуінше, бюджет көрсеткіштері мұнай бағасына тәуелді болғандықтан өзгертіп отыруға мәжбүр көрінеді. Бір қорап сіріңке өндірмейтін, тек қана шетел тауарларының тұтынушысы болып отырған елде ондай болмасқа қандай шара бар.

Халықаралық валюта қорының есебі бойынша Қазақстан бизнес ашу мен меншік құқығын тіркеу жөнінен қамшы салдырмай тұр. Сөйте тұра Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу индексінде халықаралық сауда көрсеткіштері бойынша зерттеу жүргізілген елдердің ішінде Қазақстан 1 пайыздан төмен көрсеткішке зорға жеткен. Оның себебі елде теңізге шығатын жолдың болмауынан ғана емес шығар. Қаржы секторындағы мәселелерге байланысты несиеге қолжетімділік көрсеткіші бойынша да Қазақстан үш сатыға төмендеп кеткен. Еліміздегі жан басына шаққандағы табыс 8 мың АҚШ долларынан асты деп бөркімізді аспанға атсақ та, мемлекеттің медицина мен білім беру салаларына салыстырмалы түрде аз қаржы бөлінетіндігін халықаралық сарапшылар дәлелдеп отыр.

Ал, енді жағдайымыз осындай қарама-қайшылықтарға толы болып тұрғанда Жэсүс дэ Сотоның айтқаны дәл келіп,  2008 жылдағыдай әлемдік дағдарыс қайта келсе ше?! Шетелден алған және алатын қарыз қанша жыртыққа жамау болады деген ой еріксіз мазалайды.  Бәлкім, кез-келген дағдарыс біздің елді айналып өте беретін шығар деп тағы арасында көңілге медеу тапқандай боласың. Себебі, бізде жоғарыда айтқандай қор биржасына салған ақшамыз да жоқ және оның не екенін білмейтіндігіміздің де пайдасы тиетін шығар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394