Бекқожа Жылқыбекұлы. Жалғыз төбе
Құбылу
Күңiреніп,
күлемiн,
жымыңдап кей жылаймын.
Ойнай берем рөлын
құбылмалы құдайдың.
Киiп алып кедейдің
алба-жұлба жейдесiн,
келтiремiн кейiпсiз
қайыршының бейнесiн.
Көзi ала көңiлiм
жоғалтып ап кейде есiн,
таң атқанға ұқсатып
отырады кей кешiн.
Күн-Ай күрең,
түн түссiз.
Есiңдi жи, ей, десiм!
Құбылғалы тұр әлем,
тыржыңдатып бейнесiн.
Жалғыз төбе
Жаным менiң жалғыз төбе - батырдың
қабіріндей дөңгеленiп жатырмын.
Қыңыр ойлы, қызыл мезгiл қымызын
қылғып iштiм шабында ақ шатырдың.
Жаным менiң жалғыз төбе - аласа...
Қыңқ етпедiм қыс төбетi таласа.
Көктемнiң гүл қанатымен қабырғам
жыбырлап тұр мейрам күнгi қалаша.
Түтiн құсап түк сезінбей түнердiм,
табанымды тарғыл күшiк жаласа.
Ат басындай алтыным тұр iшiмде...
Тарлан тау-құз менi шыңға баласа,
құлпырар ем гүл бәйшешек көңілмен
көктемдегi көңiлденген далаша!
Тұмау түбi
Қасқыр пиғыл тұлып бiр
Алатауда ұлып тұр.
Ақиқаттың сақалын
бытырлатып жезтырнақ
саусағымен жұлып жүр.
Құбылу
Күңiреніп,
күлемiн,
жымыңдап кей жылаймын.
Ойнай берем рөлын
құбылмалы құдайдың.
Киiп алып кедейдің
алба-жұлба жейдесiн,
келтiремiн кейiпсiз
қайыршының бейнесiн.
Көзi ала көңiлiм
жоғалтып ап кейде есiн,
таң атқанға ұқсатып
отырады кей кешiн.
Күн-Ай күрең,
түн түссiз.
Есiңдi жи, ей, десiм!
Құбылғалы тұр әлем,
тыржыңдатып бейнесiн.
Жалғыз төбе
Жаным менiң жалғыз төбе - батырдың
қабіріндей дөңгеленiп жатырмын.
Қыңыр ойлы, қызыл мезгiл қымызын
қылғып iштiм шабында ақ шатырдың.
Жаным менiң жалғыз төбе - аласа...
Қыңқ етпедiм қыс төбетi таласа.
Көктемнiң гүл қанатымен қабырғам
жыбырлап тұр мейрам күнгi қалаша.
Түтiн құсап түк сезінбей түнердiм,
табанымды тарғыл күшiк жаласа.
Ат басындай алтыным тұр iшiмде...
Тарлан тау-құз менi шыңға баласа,
құлпырар ем гүл бәйшешек көңілмен
көктемдегi көңiлденген далаша!
Тұмау түбi
Қасқыр пиғыл тұлып бiр
Алатауда ұлып тұр.
Ақиқаттың сақалын
бытырлатып жезтырнақ
саусағымен жұлып жүр.
Тiкенек тiл жылып тұр.
Көзiнде Айдың бұлт жүр.
Мың теңгелік мір қағаз
сыңғырлаған сылық бiр
жерде жатқан жебенi
магниттей iлiп тұр.
Сайран салып көшеде
қыңсылаған қылық кiр,
қолынан бар келген тек
жамандығын қылтиған
қылтанаққа қылып тұр.
Бәрiн бәйге Құдайдың
өзi тағы бiлiп тұр.
Тұман түбi жұт едi,
тұмау түбi қырық бiр
дерт-дербездiң анасы
болушы едi...
Ұлық мiр,
атыл қане мiр болсаң!
Атылмасаң тұрып тұр.
Қолқа-жүрек, қолыңды
алам әлi жұлып бiр!
Көңiлiмде кеш жарық
Жарық жұлдыз ақты құлап құлан иек аспаннан
жаратылған жанын өртеп топырақ пен тас-талдан.
Тас тағдырдың арасымен тәнтiректеп келедi,
үңгiр үйiн бетке алып,
мәз-мәйран боп мас тарлан.
Мас тарланның масқарасын маңай отыр еске алып:
- Тағы қайда барады екен, - деп, - тағы да кеш қалып?
Қойдан қоңыр қаздар жатты осы сәтте түс көрiп.
Маңырайды малды ауылда әлсiн-әлi ешкi арық.
Арық ешкi секiлденiп әлгi қарғам әлi жүр.
Көңiл сырын айтпаған соң Ай алдында еш жарып:
- Байқұс-ай! - деп, басын сипап,
бал сыйлағым келдi оған.
Түн түнерiп тұрғанменен,
көңiлiмде кеш жарық!
Арлы жалын
Алаулаған Алаштық жалынменен
өртенiп тұр өрмінез, дарын денем.
Қадырын Cақ-Түріктің бiлмеген тау
аласасың, аласа бәрiң менен!
Бәрiң менен аласа тұрасыңдар,
жер бетiнде желiккен, бура шыңдар.
Буырқанған теңiз де теңiм емес.
Бағым болған бабамның мұрасын әр
иманымдай иыққа көтеретiн
жүрегiмде жақұттай бiр асыл бар.
Жыр жалынның ұстанған ұранымен
тiнтiп келем жын ойдың жырасын әр.
Құндылықтың құдiретi
Жар түбiнде жалғыз түп қойқарақат
көзінде тұр жарақат.
Сарғайыпты сабағы
төнгендей боп бар апат.
Қар апатқа шалдыққалы шатқалда,
қарақат жүр шыңғырып.
Бура санды бұтақ нәрін
жел сығымдап,
сындырып,
құлап түстi құлағынан
құла қасқа құндылық.
Құндылықтың құдiретi
ақыл-ойды мiндi қып,
бара жатыр баба тауды
жын соққандай жынды қып.
Үлкен үйдiң сыйырлары
Үлкен үйдiң сыйырлары
қыл түсауы қиылғалы
бiздiң үйдiң бие бауын
шылғауымен шиырлады.
Үлкен үйдiң сыйырлары
қыстауымды қиырдағы
бақайымен басып-жаншып,
көктеуiмде құйындады.
Жайлауымда жалмаң қағып,
күзеуiмнiң шиiн дағы
қоймай қылғып бара жатыр.
Тырбынсам да ол,
тыйылмады!
Батыр бабам баптап айтқан
өсиеттей миымдағы
өз үйiмнiң өз өрiсi
өз малыма бұйырмады.
Қалтаға түсу
Байқасам жанарыңнан жанады үмiт.
Отыршы, сырласайық, қара жiгiт!
Нелiктен көршi ауылға көп қарайсың,
атыңды шiдерленген ала жүрiп?
Әлде сен қарайсың ба қалқашыңа,
ұқсайтын құрттың майда малтасына?!
Ақ ара өлiп-өшiп,
iңкәр болып,
көк гүлдiң жабысқандай алқасына
сенiң де тағдырыңды сол бiр сұлу
салып ап жүр-ау деймiн қалтасына!
Екi таным
Айдан да жөн сұраған,
Күннен де жөн сұраған,
жылап отыр алдымда
жыртық өкпе бiр ағам.
Айдан да жөн сұрамай,
Күннен де жөн сұрамай,
жүрегiнде жүр мыңның
у тағдырлы ұлы Абай.
Құлатса да құламай,
жығылса да ол жыламай,
қан жалаған қажырмен
кеудесінен қазылған
уайымды ұрадай,
ұлылыққа жеңдiрiп,
тұғырым боп,
тұр Абай.
«Абай-ақпарат»