Жұма, 22 Қараша 2024
3370 4 пікір 1 Маусым, 2020 сағат 10:40

Бүлдіршіндер бүгіннен бастап шетелдік мультсериалдарды қазақ тілінде көреді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телеарнасы үздік шетелдік мультхикаялардың телеқұқығымен қоса, интернет құқықтарын сатып алу бастамасын алғаш болып жүзеге асырып отыр,- деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ.

Яғни, алдағы уақытта арнадан көрсетілетін шетелдік анимациялық жобалар YouTube-тағы «BalapanTV» каналына салынады. Демек, бұл – мультсериалдарды балалар әлемнің кез келген нүктесінен, қалаған уақытында тамашалай алады деген сөз. Айта кетерлігі, бұған дейін шетелдік жобалардың дубляждалған нұсқасын әлеуметтік желілерге салу құқығы еліміздегі ешбір арнада болмаған.

Осы күнге дейін балаларымыз әлемнің озық мультфильмдерін Youtube платформасынан басқа тілдерде көріп келсе, енді ана тілімізде тамашалау мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Бұл – қазақ тілінің дамуына ықпал ететін әрі интернет желісіндегі қазақ тіліндегі сапалы балалар контентінің көбеюіне серпін беретін маңызды бастама деп санаймын. Сонымен қатар, бүгінде телеарнамыздың You tube-тегі жазылушылар саны бір миллионға жуықтағанын қуанышпен айта аламыз.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, бүлдіршіндерге тарту ретінде YouTube-тағы «BalapanTV» каналына «Құрастырушы Лева» мультсериалының 66 бөлімі салынады. Сонымен қатар, көрермендер алдағы уақытта «Виспер-1», «Виспер-2», «100 % Wolf», «Аңдар достығы», «Капитан Шарки», «Кунг-фу қоян: от әміршісі», «Қанат қақ», «Аяз атаны құтқару», «Кемедегі оқиға» сынды анимациялық жобаларды да You Tube-тен көре алады.

Бұдан бөлек, «Balapan» арнасы төл анимацияны дамыту ісіне де көңіл бөліп келеді. Мәселен, телеарна тапсырысымен 2018 жылы 10, 2019 жылы 14 отандық мультсериал жасалса, 2020 жылы 20 жоба кішкентай көрермендерге жол тартпақ. Эфирден өткен барлық жобаларды арнаның YouTube каналынан көруге болады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320