Сенбі, 23 Қараша 2024
2891 0 пікір 3 Маусым, 2020 сағат 14:08

Invest Day: Басты талап – IT саласындағы технологиялық стартап болуы керек

Қазақстанда кезекті Invest Day шарасы өтеді. Бұл жолы дәстүрлі жиын онлайн режимінде ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Басты мақсат – инвесторлар мен дарынды жас өнертапқыштарды тоғыстыру. Ерекше жобалар жүзеге асыру мүмкінідігіне ие болады. Astana Hub-тың бас директоры Джозеф Циглердің айтуынша, болашағынан зор үміт күттіретін жобаларды іздеген инвесторлар ұтымды бастамаларды жүзеге асыруға қыруар қаражат бөлуге дайын. Осындай Invest Day шарасынан соң талай отандық тырнақалды бастама нарыққа шықты дейді ол.

«Біз жобаларды бірнеше бағыт бойынша бағалаймыз. Өнімнің өзі, оның тиімділігі, қоғамға пайдасы, қандай мәселелерді шеше алатындығы, нарықтағы сұранысы, жетілдіруге қатысты көрсеткіштері сыналады. Кейін команда тексеріледі. Жобаны құрастырушылардың кәсіби деңгейіне мән беріледі. Сондай-ақ, бүгінге дейін саудаға шығарылса сатылу көрсеткіші, тұтынушы саны, өнім өткізілетін нарқының географиясы, шет елдер аумағында тарату әлеуеті толықтай сараланады», дейді Джозеф Циглер.

Өтінімдер үш апта бойы қабылданады. Басты талап – IT саласы бағытындағы технологиялық стартап болуы керек. Олардың арасынан 10 үздігі іріктеледі. Жобаны қорғауға 5 минут және тағы сонша уақыт қойылған сауалдарға жауап беруге беріледі.

«Қандай жобалар табысқа ие болады? Әрине, ең алдымен онлайн оқу, жалпы білім және денсаулық сынды қоғамдық салаларына қатысты бастамалар қызықты болады. Сондай-ақ, электронды сауда, виртуалды шынайылық бағытындағы стартаптар көбіне қаржылай қолдауға ие болып жатады. Былтырғы Invest Day шарасында бірқатар жобаларға 200 мың доллар шамасында инвестиция тартылды. Биыл да бұл межеден кем болмайды деп ойлаймыз», - дейді Джозеф Циглер.

Astana Hub баспасөз қызметі бойынша алдағы маусым айының 30 күні үздік жоба авторлары қазақстандық бизнес-періштелер, инвесторлар және түрлі қор өңілдерімен жүздесетін болады.

«Біз – Қазақстанның инновациялық экожүйесінің басты қатысушысымыз. Өйткені әр бағыттағы қатысушылармен тікелей тығыз-қарым-қатынас жасаймыз. Стартап үшін инвестицияның маңызы айрықша. Жақсы бір бастамаларға қаржы құюға ниетті инвесторларға стартап тауып береміз. Жоба иелеріне өнертабысын жүзеге асыру үшін қаржы тартуға көмектесеміз. Бұл барлығы үшін тиімді шара», - дейді Astana Hub-тың бас директоры Джозеф Циглер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364