Сенбі, 23 Қараша 2024
4907 1 пікір 4 Маусым, 2020 сағат 10:17

Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту жобасы іске қосылды

БҰҰ Даму бағдарламасы мен Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту жобасын іске қосты,- деп хабарлайды министрлік сайты. 

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстанда экологиялық білім беруді дамыту жобасын іске қосты.

Аталған жобаның мақсаты – азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын және қоғамның тұрақты даму ұстанымдарына негізделген экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қолдау көрсету.

«Жобаның басты нәтижесі - 6 мыңнан астам мұғалімді даярлау және қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, сондай-ақ экологиялық және экономикалық қауіпсіздік саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу», - деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Жоба аясында түрлі деңгейдегі 17 білім беру ұйымы ресурстарды үнемдейтін жасыл технологиялармен жабдықталады. Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру үшін экологиялық мәдениет туралы әдістемелік материалдар дайындалады. Сондай-ақ «Дүние тану» пәні бойынша 1-4-сынып оқушылары тақырыптық үстел ойындары мен интерактивті бейнесабақтарды пайдалана алады. Әзірленген үлгі әрі қарай барлық білім беру ұйымында қолданылады.

«Жоба заңнаманы жетілдіру және Қазақстанның білім беру жүйесіне экологиялық білім беруді енгізуге құқықтық негіз жасау арқылы қоғамда мемлекет пен жаһандық әлемнің толыққанды әрі орнықты дамуы үшін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қажетті экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған», - деді БҰҰДБ тұрақты өкілі Якуп Бериш.

Экологиялық білім беру климаттың өзгеруі, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ұтымды тұтыну мен өндіріс сияқты жаһандық экологиялық күн тәртібінің аса маңызды аспектілерін қамтитын болады.

Жобаны жүзеге асыруға (2020-2024 жж.) ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ қолдау көрсетеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364