Шәріпхан Қайсар. Қазақ, көргенің азап, болдың мазақ!
«Abai.kz» ақпараттық порталының пікірлер алаңында тосын ойлар айтылып қалатыны бар. Тал түсте Тараз қаласын бөрі тартқандай етіп шулатқан оқиға турасындағы хабардың «астын қазып» оқып отырсам аты-жөні көрсетілмеген айтқыштардың бірі: «Қазақтар, бір біріңді жарыңдар. Ал орыс Илья тағы да 126 (407) кг көтеріп, әлемнің Алтын Чемпионы атанды!» деп жазып қойыпты. Ойланып қалдым. Расында, қазақтың төлежіп жаңа жетіліп келе жатқан ұрпағы оқуға, білімге, ғылымға, спортқа ұмтылудың орнына қайдағы бір діни ағымдардың соңына еріп, дүмше діндарлардың қуыршағына айналып бара жатқаны несі? Басқаны былай қоя тұралық, спорт бәсекесінде боксшылар мен палуандардан басқасының бәрі өзге ұлттың ұландары. Әрине, футболда, хоккейде, көркем гимнастикада бірлі-жарым қой көзді қоңыр балалар жүр. Бірақ, тым аз. Соңғы кездері спортқа деген құштарлық қазақ жеткіншектерінің арасында тіпті құлдырап кеткен сияқты. Есесіне, сапситып сақал қойып, шолақ шалбар киіп шауып жүргеннің дені - қазақ. Бұ не? Әсілі, мәселе мынада болса керек. Біріншіден, билік қазақты ел екен деп елеген емес. Керсінше, көзіне қазақ түсе қалса, кіжініп, жер текпілеп, тістеніп, жынын шашып тұқыртып бақты. Содан байқұс қазақ тұтасымен әлеуметтік солшыл оппозицияға айналды. Қазақты жақсы нәрсеге сендірудің қиындығы, міне, содан шықты.
«Abai.kz» ақпараттық порталының пікірлер алаңында тосын ойлар айтылып қалатыны бар. Тал түсте Тараз қаласын бөрі тартқандай етіп шулатқан оқиға турасындағы хабардың «астын қазып» оқып отырсам аты-жөні көрсетілмеген айтқыштардың бірі: «Қазақтар, бір біріңді жарыңдар. Ал орыс Илья тағы да 126 (407) кг көтеріп, әлемнің Алтын Чемпионы атанды!» деп жазып қойыпты. Ойланып қалдым. Расында, қазақтың төлежіп жаңа жетіліп келе жатқан ұрпағы оқуға, білімге, ғылымға, спортқа ұмтылудың орнына қайдағы бір діни ағымдардың соңына еріп, дүмше діндарлардың қуыршағына айналып бара жатқаны несі? Басқаны былай қоя тұралық, спорт бәсекесінде боксшылар мен палуандардан басқасының бәрі өзге ұлттың ұландары. Әрине, футболда, хоккейде, көркем гимнастикада бірлі-жарым қой көзді қоңыр балалар жүр. Бірақ, тым аз. Соңғы кездері спортқа деген құштарлық қазақ жеткіншектерінің арасында тіпті құлдырап кеткен сияқты. Есесіне, сапситып сақал қойып, шолақ шалбар киіп шауып жүргеннің дені - қазақ. Бұ не? Әсілі, мәселе мынада болса керек. Біріншіден, билік қазақты ел екен деп елеген емес. Керсінше, көзіне қазақ түсе қалса, кіжініп, жер текпілеп, тістеніп, жынын шашып тұқыртып бақты. Содан байқұс қазақ тұтасымен әлеуметтік солшыл оппозицияға айналды. Қазақты жақсы нәрсеге сендірудің қиындығы, міне, содан шықты. Екіншіден, өзі жек көретін қазақтың бойында (бұл арада біз қазақтілді қазақтар туралы айтып отырғанымызды ескертеміз) жасампаздықтың, ізгіліктің, өнер мен мәдениет тудыратын қабілеттің барын билік есепке алмады. Турасына көшсек, мемлекет өзінің ішкі мүмкіндігін тежеді, ал, халық шаршады. Бәрінен. Қазақтың ер-азаматының ішкілікке салынуы, өзіне-өзі сенуден қалуы, отбасын асырауда дәрменсіздік танытуы әлгіндей-әлгіндей себептерден келіп шығады. Мен социолог емеспін. Социолог болсам «қазақ неге қауырт ішіуге бет бұрды?» немесе «ақ-қарасын айырмай жатып діни ағымдардың алажоңқасына неге араласып кетті?» деген сауалдарға деректерді көлденең тарта отырып жауап қайтарар едім. Алайда, рухани қалжыраған халықтың тағдырын тану үшін әлеуметтік мәселелермен шұғылданудың қажеті де шамалы. Жағдай былай да түсінікті емес пе?
Осыдан алты-жеті жыл бұрын журналист Гүлжан Ерғалиеваның үйін белгісіз біреулер тонап кеткен-ді. Ұрылар туралы сонда орыстілді басылымдар «гүлжанды тонағандар қаладағы қаңғыбас, бұзық қазақтар» деп ұлардай шулаған-ды. Шудың көкесі енді басталды. Рухани жарымжан, тұрмысы төмен, қоғамнан лайықты орнын таппаған қазақтың осы шулатқаны шулатқан. «Қазақ, көргенің азап, болдың мазақ» демеске енді амал кем.
«Абай-ақпарат»