«Усарымсақ жыры»: Маңдай тер, көз жасы және қан
Қытай жазушысы Мо Ян тың ойлы, өзгеше өрнекті шығармаларымен көпшілікті таңдандырудан танған емес. Жаңашылдығымен, шыншылдығымен ерекшеленетін жазушы ең көпо қылатын қаламгерлер қатарында. «Қазақ Әдебиеті» гәзетінің «Талғам-таразы» айдарында ақын Дүйсенәлі Әлімақын Мо Янның «Усарымсақ жыры» романы турасында ой толғапты.
Редакция
«Құдды Гарсиа Маркес сияқты менің де шығармаларым әжем айтқан аңыз-ертегілердің негізінде жазылды», – деген Мо Янның шығармашылығы әлем оқырмандарына бейтаныс емес.
Көптен бері сөремде «мызғып» жатқан Нобель сыйлығының иегері, Қытайдың танымал жазушысы Мо Янның «Усарымсақ жыры» атты романын жақында оқып бітірдім. «Усарымсақжыры» – бұл икемсіз және бейтарап үкіметтің халық алдындағы жауапсыздығын әшкерелеген шығарма. Сонымен қатар ер мен әйел, әке мен бала, достарар асындағы сүйіспеншіліктің жыры.
Бес жүз беттен тұратын бұл роман күні бүгінге дейін жақсы оқылып жатқан шығармалардың қатарында. «Роман деген алып кит. Терең теңіздерде жападан-жалғыз шайқап жүреді; дүрілдетіп, зіл-батпан күшпен тыныс алады. Толқын-толқын суларды үйірілтіп, қанды көбік ойнатып балалайды. Үйірімен жүзетін акулалармен белгілі бір аралық сақтап жүйіткиді», – деп ұлы әңгімеге ерекше баға берген Мо Янның бұл туындысы ГауЯң, ГауМа, Жинжүй сияқты кейіпкерлер арқылы адамгершілікті ту етіп, Қытайдың бір ауданындағы қарапайым адамдардың өмірін, үмітін, сенімін нанымды түрде суреттейді. Шығарманың басты оқиғасы – аудандық үкіметтің үндеуімен усарымсақ еккен диқандардың сатылмай қалған өнімдерін шірітіп алып, аудандық үкіметке басып кіруі, ашынған халықтың аудан басшысынан есеп алуға үн қосуы, соның салдарынан «Усарымсақ оқиғасы» туып, айналаны дүрліктіруі. Мо Янның айтуынша, бұл оқиға шынайы өмірде болған екен. Романның соңғы сөзінде ол: «Он тоғыз жылдың алдында, реал өмірде мынадай бір сұмдық болды. Мыңдаған дихандар өз мүдделері аяққа тапталып, зардап шеккендері үшін өздіктерінен топтасып, аудандық үкіметке басып кіріп, кеңсе құрылғыларын сындырып, өртеді. Сөйтіп, бүкіл елдід үрліктірген «Усарымсақ оқиғасы» пайда болды. Мен қатты толқыдым, енжарлық таныта алмадым. Ақыры «Әулет» атты туындымды жазуды тоқтата тұрып, 35 күн еңбектеніп, осы романды жазып шықтым», – дейді.
Романда бас кейіпкерлердің күрделі тағдырлары арқылы махаббат, ғадауат, ізгілік пен жауыздық, үміт пен үрей пареллельді түрде суреттеліп, шебер баяндалады. Жемқор басшының езгісіне қарсы күрескен ауыл дихандарының сенімі еш сейілмейді.
Мо Янның кейіпкерлері кездескен сан түрлі тосқауылдарға қарамастан, сүйіспеншілікті сақтауға тырысады, ізгілікке ұмтылады.
Басты кейіпкерлер – соқыр қызы және жаң атуған баласы бар Гао Яң, махаббатторына шырмалған ГаоМа мен Жинжүй және оның кереғарлыққа толы отбасы. Әрине, басты тақырып – үкіметтің қабілетсіздігі мен сыбайлас жемқорлық және оның соңғы зардаптары туралы. Егер осы романды бір ауыз сөзге жинақтауға тура келсе, «Маңдай тер», «Көзжасы» және «Қан» дер едік. Романдағы оқиғаның тұтас құрылымы осыған саяды. Еңбекшіл дихандардың табан ет, маңдай тері көзжасына ұласып, шығарма соңы «қанмен» аяқталады. Кейіпкер Гао Яң қаншама азап көрсе де, «Мен жылап жатқан жоқпын…» – деп өзін-өзі сендірді.
Мо Янның шеберлігі сонда, әр оқиғаны кішкентай бөлшектерге бөліп айтып береді, оқырманды аяғына дейін ұстайды. Кір-қожалақ саясаттың иісі мүңкіп, ашу мен ащы айқайдың артында кіршіксіз махаббат және отбасылық өмір күтіп тұрғанын айтқысы келген бұл роман бізге кішкентай адамдар өміріне, ұйымдастырылғанн екеге, махаббатқа, егіншілікке қатысты ақпараттарды да бере алады. Мо Ян қоғамның ешкім назар аудара бермейтін қалтарысындағы оқиғаларды, жағымсыз және жиіркенішті тұстарды сөзбен бейнелеуге аса шебер қаламгер.
Некесіз жүкті болған кейіпкер Жинжүй басына ауыр күн түскенд еіштегі нәрестесімен «тілдеседі».
– Ана, сыртқа шығайыншы, мен дөп-дөңгелек от шарды көрдім.
– Балам, ол күн ғой.
– Онда мен сол күнді көремін.
– Балам, оған қарауға болмайды, ол жанып тұрған от, анаңның еті мен терісін күйдіріп жібереді.
Жазушы, міне, осылай өмірге келмеген адам мен өмір сүріп жүргенмен, қиындық кешкен тағдырлы адамның арасына диалог тастайды. Өткеннің және бүгінгі күннің зұлымдықтарына қарсы әділеттілік үшін күрестің айқын көріністері осы шығармада кеңінен айтылады.
Роман ең соңында «Усарымсақ оқғасына» қатысқан кейіпкердің еңбекпен өзгерту лагерінен қашып бара жатқан жолда жонынан оқ тиіп, жан тәсілі мболуымен аяқталады. Бір адамның тағдыры – мың адамның өмірімен бірдей екенін айтқысы келген автор: «Бұл шығармада жазғаным – өзіме таныс кейіпкерлер, өзіме таныс орта. Романдағы төрешіл ауы лбастығының көлігі басып өлтірген төртінші ағайдың прототипі – менің төртінші ағайым еді. Бәлкім, кейіпкерлер мен орта өзіме таныс болғандықтан, бұл туынды деректі әдебиет арнасына қосылудан аулақ болды. Бұл – бір хикаят. Ондағы оқиғалар тек шығармадағы кейіпкерлерді матастырған көген ғана. Жылдар жылжып өтті, «Усарымсақ оқиғасы» ұмыт бола бастады. Бірақ ондағы кейіпкерлер өмірден әлі де өшіп кеткені жоқ», – дейді.
Осы сүйекті шығарманы оқып болған соң, алуан түрлі ойға қалдым. Мо Ян аядай ғана ауданда орын алған қарапайым оқиғаны арқау етіп, осындай керемет туынды жазып, қытай халқының ауыр тағдыр мен қиын-қыстау кездерді бастан өткізгенін әр елдің оқырманына жеткізе алды. Басты назар аударатынымыз, романды небәрі отызшақты күнде жазып шығуы. Салыстырмалы түрде айтсақ, 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» біз үшін – тас тарих. Ал біз әлі күнге дейін осы Желтоқсан оқиғасы туралы жібі түзу көлемді роман жаза алмай келеміз. Тек Тұрысбек Сәукетаевтың «Ай қараңғысы», Нұржан Қуантайдың «Қараөзек» романдары мен Аманғазы Кәріпжановтың естеліктерінен басқа осы оқиғаны кеңінен суреттеген, шынайы деректер арқылы сөйлейтін көркем шығарманы оқи алмадық.
Мо Янның шығармасындағы «Усарымсақ оқиғасына» қарағанда біздің елде болған «Желтоқсан оқиғасының» ауқымы кең, зардабы ауыр болды емес пе? Оның артында алып державаның кішкентай халықты езгіге салғаны, қорлыққа көндіргісі келгені, арманшыл елдің жастарының лаулаған үміті мен жігері тұр емес пе? Ал отыз жылдан астам уақыт бойы осындай оқиғаны арқау етіп, роман жаза алмай келе жатқанымызға не кедергі? Мо Ян өзі Қытай елінде тұрып жатса да, осы шығармасында Қытайдың саяси партиясының кейбір ұнамсыз тұстарын, атап айтқанда, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық саясатын аямай сынға алады. Реал оқиғаны реал түрде жазады. Ал біз ше? Менде қазір «Біз қашан «1986» деген роман жазамыз?» деген ұлы сұрақ бар. Жауабын кім берерін Құдай білсін!
Дүйсенәлі Әлімақын
Abai.kz