Жұма, 2 Қазан 2026
3734 1 пікір 29 Маусым, 2020 сағат 11:06

Гонконгте наразылыққа шыққан 50 адам ұсталды

Гонконгте жексенбі күні полиция наразылық акциясына шыққан халықты басып, 50 адамды ұстады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, полиция халыққа қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған.

28 маусымда қытай парламентінің тұрақты комитеті осының алдында депутаттар қолдаған заң жобасын қайта қарай бастады. Ол Бейжіңнің талабымен Гонконг билігі қабылдауға тырысып жатқан "Қытай үкіметіне қарсы ұйымдар әрекетіне тыйым салу жөніндегі" заң жобасы.

Талқыланып жатқан заң жобасы Гонконгте наразылық білдіруге тыйым салынып, сепаратизмге жол бермеуді көздейді.

1 шілдеде Гонконгтың Ұлыбритания бақылауынан өтіп, Қытайға берілуіне 23 жыл толады. Осыған орай халық марш өткізбекші болған. Бірақ полиция коронавирус пандемиясына байланысты тыйым салды.

Лондон мен Бейжің келісіміне сәйкес, Қытай халық республикасы Гонконг тұрғындарын 2047 жылға дейін арнайы құқықтарымен, атап айтанда, сөз еркіндігі, сот әділеттілігімен қамтамасыз етуі тиіс.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 313
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 335
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 436