Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
3366 7 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 12:39

Жандарбек Бекшин де вирус жұқтырды

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де вирус жұқтырды. Бұл туралы Бекшиннің өзі хабарлап айтты.

«Мен науқастанып қалдым. Бірақ өзімді жақсы сезінемін. Менде симптомдары жоқ. Бұл – ковид, бірақ, симптомсыз түрі. Мен өз жұмысымды жалғастыра беремін, қашықтан істеймін. Өйткені, қазір ауырып жататын уақыт жоқ», - депті.

Жандарбек Бекшин 20 наурызға дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері болған. Кейін қызметінен босатылды. Ал сәуірде Алматы қаласының бас санитар дәрігері болып тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров та ковид жұқтырып, жазылып шыққан еді.

Денсаулық сақтау министрлігінде ұзақ жыл жұмыс істеген Жандарбек Бекшиннің есім-сойы наурыздағы «наконец-то» деген болжамынан кейін белгілі бола бастаған. Ол Қазақстанда коронавирус 11-16 наурыз аралығында табылуы мүмкін деп болжам айтқан. Бекшиннің бұл айтқандары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, түрлі кекесін, келемеждер пайда болған.

Алайда Бекшиннің болжамы рас болып шықты. Қазақстанда алғашқы вирус жұқтыру дерегі 13 наурызда тіркелді. Қазір елімізде вирус жұқтырғандар саны 41 мыңнан асты. 13 558 адам жазылып шығып, 188 адам қайтыс болған.

Әлгінде ғана президент Тоқаев індеттің бетін қайтару жұмыстарын пысықтап, кеңес өткізген. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға 2 күннің ішінде қатаң карантин режимін енгізу туралы жоспар, ұсыныс дайындауды тапсырған. Кеше министр Цой індеттің тез таралуын тежеу үшін 3 түрлі сценарий мен 10 түрлі шара жоспарын ұсынды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 161
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 174
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 156
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 106