Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Деп жатыр 5948 0 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 19:28

Үкімет 14 күндік карантин режимін ұсынды

Үкімет 14 күндік карантин жариялауды ұсынды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

"Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді", - деп жазды Мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте Үкімет пен Ведомствоаралық комиссияға 2 күннің ішінде қатаң карантин режимін енгізу туралы жоспар әзірлеуді тапсырған болатын.

Кейін ҚР Денсаулық сақтау министр Алексей Цой карантиннің үш түрлі сценарийін БАҚ-та жариялап, ең тиімдісі 4 апталық карантин екенін айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 777
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2932
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1992