Бейсенбі, 8 Қазан 2026
3150 0 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 11:08

Дәрі-дәрмек алыпсатарларына 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады

Дәрі-дәрмектің шекті бағасын бақылау бойынша мониторингтік топтар өз міндеттеріне кірісті. Олардың жұмысының алғашқы нәтижелері бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. 

Цойдың айтуынша, дәріні арнайы лицензиясыз сатқан алыпсатарлар заң бойынша жазаланады.

«Нарықта алыпсатарлық немесе әлеуметтік желілер арқылы сатылған әрбір медициналық препарат бақыланады, дезинфекциялық құралдар мен маскаларды қайта сату алыпсатарлығы жазаланады. Өйткені, қайта сатып алу кезінде бұл препараттар қажетті температуралық режимде ұсталмайды, күмәнді жерлерде сақталады. Сондықтан өз қасиеттерін өзгерту қаупі бар. Лицензиясыз сату жеке және заңды тұлғалар үшін 70-тен 400 АЕК-ке дейін қатаң жазаланады», - деді Цой.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 886
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1181