Сенбі, 23 Қараша 2024
3270 4 пікір 6 Шілде, 2020 сағат 12:56

Дәрігер: «Дәрумендерге бай жеміс-жидектерді тұтыныңыз»

Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, дәрігер-инфекционист Баян Тұрдалина коронавирустан қалай қорғану керектігін айтып берді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты жазды. 

«Қазіргі ахуалды, жағдайды ескеретін болсақ, барлығымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаратын уакыттың дәл бел ортасында тұрмыз. Сондықтан дәрігер-инфекционист, балалар дәрігері, үш баланың анасы ретінде COVID-19 инфекциясынан қорғану шараларымен бөліспекпін.

Біріншіден, мемлекеттік органдардың екі апталық карантин шараларын енгізуі – оқшауланудың әлі күнге дейін ең маңызды алдын алу шарасы екенін дәлелдейді. Сондықтан мүмкіндігінше – жанұялық мерекелер сынды той-томалақты уақытша тоқтата тұрыңыздар. Бұл шара арқылы біз егде тартқан адамдардың, яғни қауіп тобындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаймыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екіншіден, жеке гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет. Бұл кез келген инфекциялық аурудың алдын алу жолы саналады.

«Жеке гигиеналық талаптар әр азаматтың өмір сүру салтының бір бөлігіне айналғаны анық. Соны одан ары қарай ұстана беруіміз қажет. Қолды кемінде 20 секунд сабынмен жуу, көп адам шоғырланған жерде маска тағу, антибактериалды ерітінділермен қолды жиі өңдеп отыру, түшкіру, жөтелу кезінде респираторлы этикет қағидаларын сақтану керек», - деді дәрігер-инфекционист.

Баян Рысбекқызы үшіншіден, иммунитетті жоғарылатуға арналған шараларды ұстану, күндізгі және түнгі ұйқының балансын сақтау, дәрумендерге байытылған дұрыс тамақтану рационын сақтау, стресстік жағдайлардың мейлінше алдын алу, спортпен шұғылдану және барынша позитивті көңіл-күйді сақтауға талпыну керектігін айтады. Дәрумендерге бай таңқурай, қарақат сынды жеміс-жидектерді тұтынуға кеңес береді.

«Төртіншіден, егер сізде артериалды гипертония, қант диабеті, семіздік, созылмалы жүрек, өкпе ақаулары сынды қосалқы аурулар бар болса, онда сол ауру бойынша емдеуші дәрігер жазып берген негізгі ем жоспарын тоқтатпай, созылмалы ауруынызды өршітіп алмауларыңыз қажет. Ал егер COVID-19 ауруына шалдығып, ауруханаға жататын болсаңыз, қосалқы аурудан қабылдап жүрген дәрі-дәрмектеріңізді өзіңізбен алып жүргеніңіз жөн. Себебі, COVID-19 ауруының асқынуына қосалқы ауруларыңыз да себеп болып қалуы мүмкін», - деді Баян Тұрдалина.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383