Мамин вирус жұқтырды ма? (Ресми жауап)
Әлгінде әлеуметтік желіде ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгін Үкімет басшысының баспасөз қызметі осы ақпаратқа қатысты ресми мәлімет таратты.
«Телеграм арналарда тараған премьер-министр Асқар Маминның коронавирус жұқтырғану туралы ақпарат жалған, шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі таңда Үкімет басшысы өзінің жұмыс кестесіне сай жұмыс істеп жатыр. 10 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық үстінде», - дейді ресми ақпарат.
Үкіметтің баспасөз қызметіндегілер сондай-ақ, халықтан жалған ақпаратқа ермей, ресми дереккөздерге жүгінуді сұрапты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 1109 адам коронавирус жұқтырған. Оның 649-ы симптомсыз түрін жұқтырғандар. Ал бір аптада (30 маусым мен 6 шілде аралығында) 76 адам коронавирустан көз жұмған.
Abai.kz