Бейсенбі, 8 Қазан 2026
3659 5 пікір 8 Шілде, 2020 сағат 14:03

Алматыда 33 миллион теңгеге қытайлық ПТР-тестілерін заңсыз сатқандар ұсталды

Алматыда 33 миллион теңгеге қытайлық ПТР-тестілерін заңсыз сатқан күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Қазақстан қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚР ҚМ ҚМК Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Полиция департаменті және МКД қызметкерлерімен бірге 7 шілде күні жедел-іздестіру шараларын өткізіп, коронавирусқа ПТР-тестілерді сатқан адамдарды ұстаған. Оларда кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат құжаттары болмаған. Ұсталған тұлғалар жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестіні заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен ҚХР өндірілген тағы 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігіне (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 882
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1178