Ұшақтан ауаға белгісіз зат таратқан видео Қазақстанда түсірілмеген
Осыған дейін алып ұшақтың ауаға белгісіз зат таратқан видеосы «Қазақстанда болған жағдай» деген жазумен әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
«Абайлаңыз, жалған ақпарат! Әлеуметтік желілерде ұшақтан қызыл түсті белгісіз затты аспаннан шашқан ұшақтың видеосы тарап жүр. Ол видеоның Қазақстанда түсірілгені туралы жалған ақпарат тарап кеткен. Қолдағы мәлімет бойынша, бұл ұшақ АҚШ-қа тиесілі. Ал ауаға шашылған қызыл түсті зат – өрт сөндіруге арналған», - делінген хабарламада.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Abai.kz