Сенбі, 23 Қараша 2024
2382 0 пікір 13 Шілде, 2020 сағат 11:20

1 аптада коронавирустан 111 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 7-12 шілде аралығында коронавирустан 111 адам қайтыс болғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда 18 адам, Алматы қаласында 24 адам көз жұмған. 

Сонымен қатар, Қарағанды облысында 37 адам, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында 5 адам, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында 4 адам, Ақмола облысы мен Павлодар облысында 1 адам қайтыс болған. Түркістан облысында 7 адам көз жұмған.

Ал, ресми дерек бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясынан 375 адам қаза тапқан.

Бұдан бөлек, Қазақстанда пневмония індеті де өршіп барады. Алайда, аталған аурудан қайтыс болғандар мен жұқтырғандардың саны ресми статистикаға қосылмайды. Соңғы мәлімет бойынша, жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1003 тасымалдаушы тіркелген. Ал, Қазақстанда пневмония жұқтырғандардың жалпы саны 17642 адамға жетті.

Ал, Қазақстандағы 12 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша адам 1646 адам коронавирус жұқтырды.

Оның ішінде 957 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 123 / 54

Алматы қаласы - 231 / 98

Шымкент қаласы - 81 / 16

Ақмола облысы - 35 / 22

Ақтөбе облысы - 63 / 40

Алматы облысы - 34 / 27

Атырау облысы - 266 / 220

Шығыс Қазақстан облысы - 100 / 60

Жамбыл облысы - 71 / 53

Батыс Қазақстан облысы - 99 / 53

Қарағанды облысы - 176 / 102

Қостанай облысы - 49 / 19

Қызылорда облысы - 54 / 24

Маңғыстау облысы - 107 / 100

Павлодар облысы - 77 / 21

Солтүстік Қазақстан облысы - 70 / 38

Түркістан облысы - 10 / 10

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 59899.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511