Арал өңірінде жайылымдықтарды қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды
Қызылорда. 25 қараша. ҚазТАГ - Арал теңізінің кеуіп кеткен табанын фитомелиорациялаудан басқа, Қызылорда облысындағы экологиялық жұмыстардың екінші бағыты мал жайылымдарын қайта қалпына келтіру, деп табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану басқармасынан хабарлады.
«Сексеуілді алқап пен жайылымдық жерлерді тұрақты басқару» жобасын іске асыруды аймақта «Мал шаруашылығы және жем-шөп өндіру ҚазҒЗИ» ЖШС жүргізуде. Атап айтқанда, қазірдің өзінде ауданы 200 га болатын 20 демонстрациялық учаскелер құрылып, онда әр түрлі шөптерден басқа бұталар мен сексеуіл егілуде. Осындай әр учаскеге қосымша жайылымдық тіркелетін болады (2500-ден 7500 га-ға дейін)
Табиғат ресурстары басқармасынан атап көрсеткендей, мал басының азаюынан жайылымдықтар соңғы кезге дейін ауыртпалықты аз сезінді. «Қазір жағдай өзгеріп, жыл сайын мал саны артып отырғанда, сексеуіл мен жайылымдықтарды тұрақты басқару үлкен әлеуметтік сипаттағы проблемаға айналып отыр», - деді ведомство басшысы Айтбай Көшербаев жұма күні.
Мал шаруашылығы және жем-шөп өндіру ҚазҒЗИ-де құдықтарды жобалаумен де айналысады. Ғалымдардың еңбегіне сәйкес электр қуатын өндіру үшін күн батареялары мен жел қуаты пайдаланылатын болады.

А. Көшербаевтың айтуынша, әрбір учаске негізгі 3 мақсатты шешеді: сексеуілді алқапты қалпына келтіруді, жайылымдықтардың шөбін орнықты ұрықтандырудың арқасында жақсартуды және жайылымдықтарды тұрақты басқаруды шешеді.
Бұл шаралар жүзеге асырылатын жалпы аудан 156 мың га-дан асады.