Мемлекеттік тіл: баяғы үндеу, жаттанды жауап
Yндеу
Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевқа
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрі К. Мәсімовке
Қазақстан Парламенті Сенатының
төрағасы Қ. Мәмиге
Қазақстан Парламент Мәжілісінің
төрағасы О. Мұхамеджановқа
Қазақстан Республикасының
мәдениет министрі М. Құл-мұхамедке
Сіздерден Қазақ халқына және республикамызда мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне жолдаған Қазақстан саяси-қоғамдық ұйымдардың және зиялы қауым өкілдері қол қойған «138 адамның Үндеуін» назарға алуларыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған 7-баптың 2-тармағы халықты шатастырып бітті. Әрине, орыс тілі этносаралық, халықаралық тіл ретінде өз биігінде қала бермек, бірақ Қазақстанда қазақ тілімен орыс тілі-ресми тіл тең қолданылады деген бапты алып тастамай қазақ тілі дамиды деу ақылға сиымсыз.
Yндеу
Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевқа
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрі К. Мәсімовке
Қазақстан Парламенті Сенатының
төрағасы Қ. Мәмиге
Қазақстан Парламент Мәжілісінің
төрағасы О. Мұхамеджановқа
Қазақстан Республикасының
мәдениет министрі М. Құл-мұхамедке
Сіздерден Қазақ халқына және республикамызда мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне жолдаған Қазақстан саяси-қоғамдық ұйымдардың және зиялы қауым өкілдері қол қойған «138 адамның Үндеуін» назарға алуларыңызды сұраймыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған 7-баптың 2-тармағы халықты шатастырып бітті. Әрине, орыс тілі этносаралық, халықаралық тіл ретінде өз биігінде қала бермек, бірақ Қазақстанда қазақ тілімен орыс тілі-ресми тіл тең қолданылады деген бапты алып тастамай қазақ тілі дамиды деу ақылға сиымсыз.
Тіл - мәдениеттің негізгі бөлшегі. Адамзаттың рухани құндылығы. Осы орайда «Қазақ тілі-Қазақстанның болашағы» болып тұрса да, Ана тілінің бүгінгі ахуалы тым мүшкіл. Тіл туралы Заңның қабылданғанына міне, табаны күректей 22 жыл толып отыр. Содан бері ұлт зиялылары мен тіл жанашырлары талай мәрте маңызды мәселелер көтерді. Десекте, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту, іс жүргізу сапасы осы уақыт ішінде өз шешімін тапқан жоқ.
Атап айтатын болсақ, мемлекеттік органдарда, департамент және басқармаларда мемлекеттік қызметкерлер қағаз жүзінде ғана оқытылған. Оның дәлелі мекемелерде бұйрықтардың бәрі орыс тілінде жазылған және сол тілде сөйлеседі. Әлі күнге дейін Парламент, Мәжіліс, Сенат депуттары Заң жобаларын орыс тілінде дайындап, қазақ тіліне аударып отыр. Сондай-ақ, Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің жартысынан көбісіне білім-орыс тілінде жүргізіледі. Ал, Астана қаласындағы орыс мектептерінде «Мемлекеттік тілдің» жүргізілу барысы, сапасы өте төмен. Бір сөзбен айтқанда 10 жыл бойы дәріс алған орыс пен өзге ұлт балаларының қазақ тілінде аты-жөнін айта алмауы мемлекеттігімізге сын.
Туған тілдің тағдырына толғанған тіл жанашырлары мен ұлт зиялылары мемлекеттік тілдің мәртебесін сараптай келе, билік басындағыларға белгілі талаптар қояды.
Астана қалалық «Мемлекеттік тіл» қозғалысы мен қаладағы басқа да қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалуы туралы жұртшылыққа ҚР Үкіметі, Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті және облыс, қала, аудандардағы тілдерді дамыту бағдармаларының 10 жыл ішінде қандай шаралар атқарғандығы жайында есеп беруін талап етеді.
Себебі, ана тілін - Конституцияда жазылған мемлекеттік тілді 33 жыл үйренген әлемде ешбір халық, ешбір мемлекет жоқ.
Жұмамұрат Шәмші
«Жас қазақ үні» газетінің Астанадағы тілшісі
29. 09. 2011ж.
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінен бір айдан соң, жауап келді.
29. 10. 2011жыл
Құрметті Жұмамұрат Кеңесұлы
Сіздердің «Қазақ халқына және республикамызды мекендейтін өзге ұлт өкілдеріне» жолдаған Қазақстанның саяси-қоғамдық ұйымдары және зиялы қауым өкілдері қол қойған «138 адамның Үндеуін» қолдауларыңыз назарға алынды.
Аталған сұрақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілетінін хабарлаймыз.
Вице-министр
Ғ. Телебаев
«Абай-ақпарат»