Қазақстанның еуро-атлантикалық типтегі қоғамға айналу мүмкіндігі бар – АҚШ сарапшысы
Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Келешекте Қазақстанның еуро –атлантикалық типтегі қоғамға айналу мүмкіндігі бар. Карнеги қорының «Вашингтондағы халықаралық бейбітшілік үшін» ресейлік-еуразиялық бағдарламасының ғылыми қызметкері Марта Олькот осындай пікірде.
«Менің ойымша, оның (Қазақстанның - ҚазТАГ) еуро-атлантикалық демократиялық типтегі қоғамға айналу үшін нағыз мүмкіндігі бар», - деп мәлім етті М. Олькот жұма күні НАТО парламенттік ассамблеясының «Роуз-Рот» 71-ші семинары барысында.
Ол бұл алдағы он жылда емес, ұзақ уақыттан кейін мүмкін екенін жеткізді. Жалпы алғанда, ол Қазақстанның барлық жағынан алғанда Орталық Азиядағы барлық мемлекеттерден әлдеқайда алда келе жатқанын атап көрсетті.
Сондай-ақ, М. Олькот Тәжікстан мен Қырғызстанға қатысты алаңдаушылық білдірді.
Бұл - нәзік мемлекеттер, олар қазіргі қалпында тұрақтай алмайды», - деді ол.
Сонымен бірге, ол осы екі мемлекеттің дамуы оң үрдіске ие болуы мүмкіндігін де жоққа шығарған жоқ. «Алайда, уақыт олардың проблематикасын өршітіп отыр ма деп қауіптенемін», - деп қорытындылады М. Олькот.