Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3785 0 пікір 28 Қараша, 2011 сағат 14:04

Ең қасиетті қазына – елдің азат рухы

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары нәтижелі аяқталды

Сауытбек АБДРАХМАНОВ - Ханойдан.

«Соңғы онжылдықта Коммунистік партияның басшылығы­мен Вьетнам әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуда, барлық салаларда аса көрнекті табыстарға қол жеткізді».

Вьетнам Социалистік Рес­пуб­ликасына тұңғыш ресми сапарын жалғастырған Елбасымыз кеше осылай деді. Бір қарағанда, бұ­рын­ғы сөз саптауымыздан аумай қалғандай көрінетін, диплома­тия­ның айтылуға тиісті әңгімесіндей де естілетін бұл тұжырым, алайда, ақиқаттың өзі. Ақиқаттың сөзі болмай қайтеді, егер Вьетнам даму қарқыны бойынша Азия-Ты­нық мұхит өңірінде көшбас­шы­лық­қа шықса, ақиқаттың сөзі бол­май қайтеді, егер Вьетнам Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі міндетін қатарынан екі жыл ат­қарса, ақиқаттың сөзі болмай қай­теді, егер Вьетнам өткен жылы ғана АСЕАН елдеріне төрағалықты тамаша атқарса. Иә, осының бәрі шындық. Осының бәрі коммунистердің басшылы­ғы­мен жасалып жатқаны да шын­дық. Мәселе кімнің басқаруынан гөрі қалай басқаруға көбірек тіреледі. Кешегі кеңестік қоғам да жалпы коммунистер басқарған­дық­тан емес, қолынан іс келмейтін коммунистер басқарған тұста іштей іріп-шіри бастаған бола­тын.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары нәтижелі аяқталды

Сауытбек АБДРАХМАНОВ - Ханойдан.

«Соңғы онжылдықта Коммунистік партияның басшылығы­мен Вьетнам әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуда, барлық салаларда аса көрнекті табыстарға қол жеткізді».

Вьетнам Социалистік Рес­пуб­ликасына тұңғыш ресми сапарын жалғастырған Елбасымыз кеше осылай деді. Бір қарағанда, бұ­рын­ғы сөз саптауымыздан аумай қалғандай көрінетін, диплома­тия­ның айтылуға тиісті әңгімесіндей де естілетін бұл тұжырым, алайда, ақиқаттың өзі. Ақиқаттың сөзі болмай қайтеді, егер Вьетнам даму қарқыны бойынша Азия-Ты­нық мұхит өңірінде көшбас­шы­лық­қа шықса, ақиқаттың сөзі бол­май қайтеді, егер Вьетнам Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі міндетін қатарынан екі жыл ат­қарса, ақиқаттың сөзі болмай қай­теді, егер Вьетнам өткен жылы ғана АСЕАН елдеріне төрағалықты тамаша атқарса. Иә, осының бәрі шындық. Осының бәрі коммунистердің басшылы­ғы­мен жасалып жатқаны да шын­дық. Мәселе кімнің басқаруынан гөрі қалай басқаруға көбірек тіреледі. Кешегі кеңестік қоғам да жалпы коммунистер басқарған­дық­тан емес, қолынан іс келмейтін коммунистер басқарған тұста іштей іріп-шіри бастаған бола­тын.

Вьетнамдағы табыстардың бәрі де билік басындағы партия­ның қызметімен орынды байланыс­ты­ры­лады. Сондықтан Елбасы­мыз­дың мемлекет басшысымен кездесуде Вьетнам өміріндегі Компартия рөлін баса айтатыны да, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хат­шысы Нгуен Фу Чонгпен арнайы кездесуі де заңдылық. Кездесу ке­зінде екі елдің билік басын­дағы партияларының өзара бай­ла­нысын алдағы уақытта белсендірек ете түсудің жайлары қоз­ғалды.

- Вьетнам Коммунистік пар­тия­сының басшылығымен вьетнам халқы әлеуметтік-экономи­ка­лық дамуда, білім, мәдениет пен қоғамдық өмірдің өзге де сала­ларында толымды табыстарға жетті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақ­стан-Вьетнам өзара тиімді серік­тестігінің сапалы жаңа деңгейге өтуі үшін объективті мүм­кін­дік­тер барын мәлімдеді.

- Саяси жүйенің тұрақ­ты­лы­ғы - екіжақты ынтымақтастық та­бысының кепілі. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қаты­нас­тарды осындай негізде құру керек, - деді өз кезегінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы.

«Нұр Отан» халықтық-де­мо­кра­тиялық партиясы Төраға­сының бірінші орынбасары Нұр­лан Нығматулин бізбен ықшам сұхбатында вьетнамдық әріп­тес­тер­мен ел өміріне нақты пар­тия­лық ықпал жасау жөнінде тәжі­ри­бе алмасу тіпті де артық бол­майтынын айтып өтті.

Вьетнамдағы парламент Ұлт­тық Ассамблея деп аталады. Ел­ба­сымыз оның Төрағасы Нгуен Шинь Хунгпен кездесу кезінде парламентаралық өзара іс-қимыл мемлекетаралық байланыстарды дамытуда негізгі рөл атқара­ты­нын атап өтті.

- Делегациялар алмасу және парламентаралық ынтымақтас­тық тобын құру Қазақстан Парламенті мен Вьетнам Ұлттық Ас­самблеясы арасындағы байла­ныс­тарды тереңдетуге қызмет етеді, - деді Қазақстан басшысы.

Нгуен Шинь Хунг атап өт­кен­дей, Нұрсұлтан Назарбаевтың са­па­ры Қазақстан-Вьетнам серік­тес­тігінің жаңа беттерін ашады.

- Біз мәдени-гуманитарлық ын­тымақтастықты дамытып, білім беру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруымыз керек. Сонымен бірге, халықаралық аренадағы өзара іс-қимылды дәй­ек­ті түрде нығайтуымыз қажет, - деді Вьетнам Ұлттық Ассам­блеясының Төрағасы.

Елбасымыз сапарының кешегі, сейсенбідегі бағдарламасы Вьетнам ұлттық университетінде студенттермен, оқытушы-про­фес­сорлар құрамымен кездесуден басталды. Президент сапарлары­нан репортаждар жаза жүріп, біраз жерді көріп, біраз елді ара­ла­ғанымызда, Елбасымыздың жастармен жүздесуге мүмкіндігінше уақыт табуға тырысатынын талай аңдағанбыз. Өткен жылы Кореяда тіпті сапар бағдарламасын та­ғы бір күнге ұзартып, Сеул университетінде студенттермен кездескен кезі де болғанын жаз­ғанбыз.

Ханой ұлттық университетінде 40 мың студент оқиды екен. Ұлт­тық университеттің құрамы­на салалық алты университет пен үш институт кіреді. Біздің жа­нымызда отырған кісі - поли­тех­никалық институттың прорек­торы Нгуен Динь Дык кезінде Мәс­кеу университетінде оқыған, физика-математика ғылымдары­ның докторы, орысшаны жап-жақсы сөйлейді. Жалпы, мұн­да­ғылардың талайы орыс тілін ұмы­та қоймаған. Осы универ­си­теттің өзінде орыс тілі факультеті бар. Оның әр курсында 40 студент оқиды.

Университет президенті профессор Майтронг Нхуан өзінің кіріспе сөзінде біздің Елбасы­мыз­ды мемлекетін бекем қалып­тас­тырып, атын әлемге танытқан кемел басшы ғана емес, эконо­ми­касын қиын дағдарыстың қыс­па­ғы­нан алып шыға білген аса көр­некті экономист-ғалым ретінде сипаттады. Ол Нұрсұлтан Назар­баев­тың Азиядағы өзара іс-қи­мыл және сенім шаралары жө­нін­дегі кеңесті шақырудың баста­машысы болған қызметін жоғары бағалады. «Кембридж, Бейжің университеттері сияқты әлемдегі аса танымал көптеген оқу орын­дарының құрметті профессоры - Сіздің енді Ханой ұлттық уни­верситетінің құрметті профес­со­ры болатыныңыз бізді мақта­ныш­қа бөлейді», деді университет президенті. Бұдан кейін Нұрсұлтан Әбішұлына Ханой университетінің құрметті про­фес­соры дипломы тапсырылып, мантия кигізілді. Қалыптасқан дәстүр бойынша құрметті про­фессордың лекциясы оқылды.

«Бізді вьетнам халқының қайт­пас-қайсар жігері мен асқақ патриоттық рухы қайран қал­ды­рады», деді Нұрсұлтан Назарбаев студенттерге арнаған сөзінің бір тұсында. «Біз жас Астана мен мың жылдық тарихы бар Ханой­дың, сондай-ақ елдеріміздің қар­жы орталықтары саналатын Ал­ма­ты мен Хошиминнің ынты­мақтастығын дамытқымыз келеді», деді келесі бір кезекте. Рас сөз. Біз мемлекет ретіндегі төл тарихымыздың қадірін білумен қатар, өзгелердің тарихындағы та­ғылымды тұстарды да барын­ша бағалауға тиіспіз.

Осылай деуге алдыңғы күні Елбасымыз аралаған бір нысан қозғау салып отыр. Дүйсенбіде, түс әлетінде Нұрсұлтан Назарбаев Ханойдағы Әдебиет храмын аралап көрді. Әдебиет храмы... Қашан тұрғызылған деңіз? 1070 жылы тұрғызылған. Осыдан он ғасыр бұрын. Кімге тұрғызылған деңіз? Конфуцийдің (Құңфұд­зы­ның) құрметіне тұрғызылған. Бір­ақ бұдан вьеттер әу баста Құң­фұдзыға таласқан екен деп қалмаңыз. Олай емес. Осы храм­ды тұрғызған император Ли Тхань Тонг бұл арқылы ұлы ой­шыл­ға табынардай құрметін та­нытуды ғана мақсат тұтқан. Храм тұрғызылып біткеннен кейін осы жерде Вьетнамдағы тұңғыш Куок Ти Нам университеті ашылған. Осыдан он ғасыр бұрын. Мұнда әкімшілер мен мемлекеттік қыз­меткерлер дайындайтын адамдар оқытылған. Университетте оқып, елдің мақтанышына айналған тұл­ғалардың аты-жөндері алып тасбақалар көтеріп тұрған тас тақталарға ойылып жазылған. Әдебиет храмында оқып шыққан жас классикалық поэзияның мың­даған жолын жатқа білмейінше, мемлекеттік жұмысқа жіберілмейтін болған, өлеңді түсін­бейтін адам өмірді де түсінбейді деп саналған...

Елбасы өзінің сөзін қонақ­жай­лылық пен жылы шырайлы қарсы алулар үшін шын көңілден шыққан ризашылығын жеткізуден бастады. Бұл - менің Вье­т­намға алғашқы сапарым. Сіз­дер­дің жерлеріңізге табаным тиген сәттен бастап вьетнам халқы жү­ре­гінің шуағын сезіндім. Осы арада бұл сезімдердің екі жаққа да теңдей екенін атап көрсеткім келеді. Өйткені, бұл жәйт қазақ­стандықтардың Вьетнамға деген ұнамды көзқарасы мен қызы­ғу­шылығынан туындап отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан басшысы келесі кезекте Вьетнамның қандай қиын­дық­тар мен сынақтардан өтке­ні­не назар аударды. Қазақстанның бұрынғы КСРО құрамында вьетнам халқына оның тәуелсіздігі үшін күресінде бауырластық қол­дау көрсеткеніне тоқталды.

Соңғы онжылдықтарда Вьетнам Коммунистік партияның бас­шылығымен әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуда, білім беруде, мәде­ниет пен басқа салаларда тамаша табыстарға қол жеткізді, деп жалғады сөзін Қазақстан бас­шы­сы. Вьетнам экономикасы өсу қар­қыны жөнінен Азия-Тынық мұхит өңірінде жетекші орынға шықты. Сіздердің елдеріңіздің ха­лықаралық беделінің жарқын көрсеткіші Вьетнамның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі екі жыл­дық жұмысы болды. 2010 жылы Вьетнам АСЕАН-ға табысты төр­ағалық етті. Сіздердің елде­ріңіз халықаралық және өңірлік ұй­ым­дар қызметіне белсенді қатысып ке­леді. Біз Вьетнамның табыс­та­рына шын жүректен қуа­намыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы ендігі сөз арнасын өзіміздің елімізге қа­рай бұрып, бірнеше аптадан соң, яғни 16 желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтетінін жеткізді. Осы орайда Отанымыздың Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңдердегі аяқ алып жүргісіз экономикалық-саяси қиындық­тар­ға қарамастан, олардың бәрін еңсеріп, жаңа экономика қалып­тастыру мен тәуелсіз мемлекеттілік орнату жолында адам айтса сенгісіз күрделі міндеттерді оң шешкенін көлденең тартты.

Оның ішінде «Қазақ­стан-­2030» ұзақ мерзімді стра­те­гиясы жа­салып, жүзеге асырыла баста­ғанына арнайы тоқталды. Онда басты басымдық ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, мем­лекеттік тәуелсіздік пен ау­мақ­тық тұтастықты сақтау деп белгіленгенін айтып өтті. Біздің еліміздің маңызды тарихи шешімдері ретінде Семей ядролық сынақ полигонын жауып, КСРО-дан «мұраға» қалған әлемдегі төр­тінші зымырандық-ядролық арсеналдан өз еркімізбен бас тар­туымызды атады.

Жастарға Қазақстанның ха­лық­аралық практика мен норма­лар­ға сәйкес мемлекеттік шекара­сын толықтай рәсімдегені туралы әңгіме де оң әсер етті. Сонымен қатар, қарулы күштеріміз бен құқық қорғау органдарымызды қоса алғанда, мемлекет қауіп­сіздігінің инфрақұрылымдарын іс жүзінде жаңадан құрғанымыз ха­қында келтірілген мәліметтер де үлкен қызығушылық туғызғаны айқын аңғарылды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен ашықтық пен интеграция пайда­сы­на таңдау жасадым, деді Нұр­сұлтан Назарбаев. Сөйтіп, Қазақ­стан көп қырлы ұйымдардың бел­сенді қатысушысына ай­налды.

Қазақстан басшысы біздің бастамамыз бойынша Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шара­ла­ры жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақырылғанын ризашылықпен мәлімдеді. Вьетнамның АӨСШК-ге мүшелікке өтуі бұл құры­лым­ның беделін едәуір көтере түсті, деді Президент.

Қазақстан басшысы елімізде қазіргі кезде 140 этнос пен 46 діни конфессия өкілдері тұрып жат­қанына тоқталып өтті. Тәуел­сіз­дік жылдарында ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың ғажайып үлгісі қалыптасқанын, оның бастауында өзінің бас­та­ма­сы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрғанын на­зарға салды. Осы орайда Нұр­сұл­тан Әбішұлы еліміз 2003 жылы алғаш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастырса, бұл айтулы шара бүгінде үш жылда бір өтетін дәстүрлі форумға айналғанын атап көрсетті. 2012 жылдың мамырында Астанада кезекті ІV Съезд өз есігін ашатын болады.

Әлемдік тәжірибені сараптай отырып, деп сабақтады сөзін Пре­зидент, біз саяси дамудың эво­люциялық жолын таңдадық. Біздің кредомыз «Әуелі - эко­но­мика, содан кейін - саясат» бол­ды. Және мұнда Қазақстан мен Вьетнамға қатысты ортақ мәсе­ле­лер көп. Біздің мемлекеттеріміздегі саяси жүйенің орнықтылығы мен тұрақ­тылығы біз алдымызға қойған индустриялық-иннова­ция­­лық даму жөніндегі кең ауқымды міндеттерді шешудің маңызды шарты болып табылады. Біздің стратегиялық басымдықтары­мыз­дың бірі әркез әлеуметтік-эко­но­ми­калық саланы дамыту болып кел­ді және солай болып қала береді.

Қазақстан Президенті универ­си­теттің оқытушылар құрамы мен студенттеріне 1994 жылдан бері еліміздің экономикасы 14 есе артқанын, жан басына шақ­қандағы ІЖӨ 700 доллардан осы жылдың соңына дейін 11 мың долларға жетеді деп күтіліп отыр­ғанын, сөйтіп, Орталық және Шығыс Еуропаның бірқа­тар елдеріндегі көрсеткіштен асып түсетінін ризашылықпен жет­кізді. Сондай-ақ еліміздің Орталық Азия­ға келген шет ел ин­вес­ти­цияларының жалпы көле­мі­нің 80 пайызын иеленгенін мақтаныш­пен жария етті. Қазақ­станның жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде орнығуында жаңа елор­да­ның са­лын­ғаны үлкен рөл ат­қарды. Бү­гін­де Астана егемен Қазақ­стан­ның өсіп-өркендеуінің нышаны ретінде бой түзесе, оның біртұтас халқының бола­ша­ғына деген сенімін де арттыра тү­сіп отыр, деді Мемлекет бас­шысы.

Президент сөз ретіне орай еліміздің инновациялар мен білімге негізделген экономикаға салмақ салатынын айтып өтті. Са­рапшылардың бағалауынша, деді Нұрсұлтан Әбішұлы, дамы­ған елдерде адам капиталының ұлттық байлықтағы үлесі 70-80 пайызды құрайды. Біз қазіргі заманның осы талаптарына сәй­кес келуге тиіспіз. Сондықтан Қа­зақстанның негізгі басымдық­тары­ның бірі интеллектуалды ұлт қалыптастыру болып табы­лады. Аталған идея үшін бізде жақсы іргетас бар - бұл ха­лықтың тұтастай сауаттылығы.

Осы ретте Президент білім беру саласында табысты жүзеге асырылып жатқан реформалар турасында жан-жақты мағлұмат бере кетті. Жоғары білім беру саласындағы ең ірі жоба Астанада құрылған жаңа халықаралық Назарбаев университеті екенін де назардан тыс қалдырған жоқ. Сондай-ақ елімізде 20 интел­лек­туал­дық мектеп құрылып жатқа­нына, 2010 жылы Қазақстанның Еуропа мәдени конвенциясы мен Болон үдерісіне қосылғанына назар аударды. Отанымыз жастары­ның шет елдерде білім алуларына жағдай туғызып келе жатқан «Болашақ» бағдарламасы туралы да орынды айтылды. Біз жыл сайын 3 000 студентті шет елдерге оқыту үшін жібереміз. Тәуел­сіздіктің 20 жылында шамамен 200 мың жас қазақстандық шет елдерде білім алды. Біз білім беру саласындағы халықаралық ын­тымақтастықтың мүмкіндігін кеңейту ниетіндеміз. Бұл қатарда Вьетнам да бар. Мен вьетнамдық әріптестерді біздің жаңа университетпен, басқа да қазақстандық жоо-лармен ынтымақтастыққа ша­қырамын. Біз студенттік және оқы­тушылық алмасуларға, техни­ка­лық, басқа да мамандықтар бой­ынша дайындық жүргізуге және қай­та даярлауға, ғылыми-зерт­теу­лер­ді бірлесіп жүргізуге мүдделі­міз, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент шетелдік әріп­тес­те­ріміздің белсенді қолдауымен қазіргі таңда Қазақстан қайтадан Шығыс пен Батысты жалғас­ты­рушы көпір қызметін атқара бастағанын атап көрсетті. Соны­мен қатар, өткен жылы еліміздің ТМД елдерінің ішінде алғаш болып маңызы жөнінен БҰҰ-дан кейінгі екінші ұйым - ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеніне екпін түсірді. Соңғы 11 жыл бедерінде алғаш рет біз ЕҚЫҰ Саммитін өткізіп, онда Астана декларациясы қа­был­дануына қол жеткіздік. Үсті­міздегі жылдың маусымында Қа­зақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығын тә­мам­дады. ШЫҰ-ның Астанада­ғы мерейтойлық саммитінде Астана декларациясы, Есірткіге қарсы стратегия және басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды. Бүгінде Қазақстан Ислам Ынтымақ­тас­тығы Ұйымына жауапты төр­аға­лық миссиясын атқарып жатыр. Мұндағы мақсат халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті ны­ғай­ту, мұсылман қоғамындағы әлеу­меттік проблемаларды шешуге ықпал ету, Ислам әлемі мен Батыс арасындағы үнқатысуды ілгерілету, жаппай қырып-жоя­тын қаруды таратпау режімін бекемдеу болып табылады, деді Мемлекет басшысы.

Біз Вьетнамды Қазақстанның Азия-Тынық мұхит аймағын­дағы басымдық берілген әріп­тес­теріміздің бірі ретінде қарас­ты­рамыз, деді Нұрсұлтан Әбішұлы әрі қарай. Әлемнің осы бөлігінде бүгінде жаһандық ІЖӨ-нің жар­тысына жуығы қалыптасып отыр. Тұтастай алғанда, қазіргі кезде Азия әлемдік экономиканың локомотиві қызметін сенімді атқара бастады. Мен ХХІ ғасырдағы та­бысқа жеткізетін негізгі төрт бас­ты бағдар мыналар деп санай­мын: модернизация, инновация, интеграция және игілік. Біздің мемлекетіміз де индустриялық-инновациялық даму жолын таң­дап алды. Және мұнда маңызды рөл университеттер мен жетекші жоғары оқу орындарына, зерттеу институттары мен орта­лық­та­ры­на берілуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев атап көр­сеткендей, мәдени-гумани­тар­лық бай­ла­ныстарды да­­мыту шең­берінде Қазақстанда алдағы жылы өткі­зі­луі жоспар­лан­ған Вьет­нам­ның мә­дени күндері үлкен ма­ңыз­ға ие. Ал 2013 жылы Вьетнамда Қазақ­стан­ның мәде­ние­ті күндері ұйым­дасты­рыл­а­тын болады.

Президент аудиторияға жи­нал­ған жастарға қарата былай деді: «Біздің елдеріміз бен халық­тарымыздың арасындағы қарым-қатынастың болашағын жас ұрпақ - дәл сіздер айқындайтын бо­ласыздар. Дәл сіздердің алда­ры­ңызда әрі қарай да ортақ құн­дылықтарымызды қалыптасты­рып, достық дәстүрлерімізді, ха­лықтарымыздың арасындағы сенім мен өзара қолдауды нығайту міндеті тұр. Көне аңызға құлақ түрсек, вьетнамдықтардың түп анасы вьетнам халқына сенімді дос болу қабілетін сыйлаған Ау-Ко сиқырлы құсы болып табы­ла­ды. Қазақ халқында да мынадай тәмсіл бар: «Құс қанатымен, ер жолдасымен» деген. Демек, құс­тың күші қанатында, адамның күші достығында».

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында біз сіздердің елдері­ңіз­ден біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың өсіп-өркен­деуі­не бағытталған үнқаты­су мен ашық та жан-жақты ынты­мақ­тастықты дамытуға әркез дай­ын ізгі дос және сенімді әріп­тестерімізді көріп отырмыз, деді. Вьетнам мемлекеттік универси­те­тінің профессорлық-оқыту­шы­лар құрамы мен студенттеріне, сондай-ақ барлық вьетнам хал­қына бейбітшілік, өсіп-өр­кендеу және игілік тілеймін.

Президент танытқан көз­қа­рас сапар қо­ры­тындысы бой­ын­ша қабылданған Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Вьетнам Социалистік Респуб­ли­касы Бірлескен мәлім­демесінің мазмұнымен қуат­талды. Онда тараптар Азиядағы және тұтастай алғанда дүние жү­зіндегі бейбітшілік пен тұрақ­ты­лықты сақтауға бағытталған бірлескен күш-жі­герге жақындық­тарын айқын­дай­ды.

Онда сондай-ақ Вьетнам тара­пы Қазақстанның АӨСШК құру және ілгерілету бастамасы мен үлесін жоғары бағаласа, Қазақ­стан жағы Вьетнам біздің өңірлік АСЕАН форумына кіру ниетімізге қолдау көрсететініне үміт білдірді. Екі ел көш­бас­шылары, сонымен қатар, Қазақ­стан мен Вьетнамның халық­аралық құ­рылымдар, бірінші кезекте, Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде өзара белсенді іс-қимылын жал­ғастыратынын атап көрсетті.

Жылы шырайлы және достық қабылдауға ризашылығын білдіре келіп, Нұрсұлтан Назарбаев ВСР Президенті Чыонг Тан Шанганы жауап сапармен елімізге келіп қайтуға шақырды. Шақыру ризашылықпен қабыл алынды.

Иә, Вьетнам осындай ел. Міне, осындай ел біздің Елбасымызды айрықша құрметпен қарсы алып, мемлекет басшылары тәуелсіз­дігінің жиырма жылында әлем таңданатындай табыстарға қол жеткізген елдің дана Президенті ретінде ардақтады, жақын жү­руге, ынтымақтаса жұмыс істеуге дайындығын қайта-қайта айтумен болды. Біз де әлемге әйгілі Вьетнамнан мемлекеттің басты байлығы, ең қасиетті қазынасы елдің азат рухы екендігін, рухы азат елдің азаттықтың азапты жо­лы­нан, тәуелсіздіктің тәуекелге толы тар өткелдерінен абырой­мен өтетінін көзбен көріп, көңіл­ге түйіп қайтып барамыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321