Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3501 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 06:26

Сырттандарымыз сыртта қалып, алабайлар ардақтала бере ме?

 

Адамзат тарихында жабайы аңдардың iшiнде ең әуелi қолға үйретiлгенi - ит екенi белгiлi. Сондай-ақ ол адамның ең адал серiгiне айнала бiлдi. Сондықтан ата-бабаларымыз иттi жетi қазынаның бiрiне жатқызған. Сал-серiлер ит жүгiртiп, құс салып, оларды ерекше қастерлеген. Бүгiнде осы ата дәстүрiмiз ұмытылып бара жатқандай... Кейiнгi ұрпақ қазақы төбеттiң бар екенiнен де бейхабар. Бiз бұған Алматыдағы ит базарына барғанымызда көз жеткiздiк.

Алматының "Сайран" автобекетiне қарама-қарсы орналасқан "Сырдария" базары сенбi, жексенбi күндерi нағыз ит базарына айналады. Бұл Алматыдағы ең үлкен ит базар болған соң ба, әйтеуiр иттердiң "жетi атасы" осында. Кавказ төбетi дейсiз бе, Орталық Азия төбетi ме, жоқ, әлде ауған борзасы ма, - бәрi-бәрi бар. Тiптi алатын болсаңыз, кәнден, бултерьер, боксер, ротвейлер, бульдог сынды ит тұқымдарының неше түрiн таңдай аласыз. Тым құрығанда, құжат бойынша әкесi чемпион, шешесi кандидат болған небiр алып иттердi тамашалауға болады.

 

Адамзат тарихында жабайы аңдардың iшiнде ең әуелi қолға үйретiлгенi - ит екенi белгiлi. Сондай-ақ ол адамның ең адал серiгiне айнала бiлдi. Сондықтан ата-бабаларымыз иттi жетi қазынаның бiрiне жатқызған. Сал-серiлер ит жүгiртiп, құс салып, оларды ерекше қастерлеген. Бүгiнде осы ата дәстүрiмiз ұмытылып бара жатқандай... Кейiнгi ұрпақ қазақы төбеттiң бар екенiнен де бейхабар. Бiз бұған Алматыдағы ит базарына барғанымызда көз жеткiздiк.

Алматының "Сайран" автобекетiне қарама-қарсы орналасқан "Сырдария" базары сенбi, жексенбi күндерi нағыз ит базарына айналады. Бұл Алматыдағы ең үлкен ит базар болған соң ба, әйтеуiр иттердiң "жетi атасы" осында. Кавказ төбетi дейсiз бе, Орталық Азия төбетi ме, жоқ, әлде ауған борзасы ма, - бәрi-бәрi бар. Тiптi алатын болсаңыз, кәнден, бултерьер, боксер, ротвейлер, бульдог сынды ит тұқымдарының неше түрiн таңдай аласыз. Тым құрығанда, құжат бойынша әкесi чемпион, шешесi кандидат болған небiр алып иттердi тамашалауға болады.

- Жiгiттер, күшiктердi қызықтап тұрсыңдар ма? Бұлар анау тұрған "Ақ аюдың" күшiктерi, - дедi орта жасқа келген мұрынды жiгiт көлiк үстiнде тұрған дәу ақ төбеттi көрсетiп. - Бұл - түрiкменнiң алабай тұқымды итi. Нағыз алыптың өзi. Салмағы 100 келiден асады. Бойы - 72 см. Түрiкмендер өздерiнiң иттерiн сыртқа шығармайды. Тек ұрлық жолмен ғана әкеледi. Мен мұны сату үшiн емес, сатып жатқан күшiктерiмнiң әкесi екенiн айғақтауға алып келдiм. Әйтпесе қазiр кез келген клубтан "әкесi пәлендей, шешесi түгендей" деген жалған анықтама жаздырып алуға болады. Ондай құжатқа алданып қалмас үшiн бәрiн көзбен көрiп, қолмен ұстаған дұрыс. Көрiңдер, алатын болсаңдар, түсiрiп беремiн. Әр күшiктiң бағасы 250-300 доллар.

Жалпы, базардағы iрiлi-ұсақты күшiктердiң тегiне байланысты бағасы 200 теңгеден 500 долларға дейiн барады. Түрлерi де, тегi де әртүрлi. Азиялық төбеттiң құлақ-құйрығы бiрден шорт кесiлсе, ал Кавказ төбетiнiң тек құлағы ғана кесiледi екен. Олардың да күшiктерiнiң бағасы 100-150 доллар төңiрегiнде.

Қазiргi кезде Қазақстанда ит тұқымдары жақсы дамып келедi. Ит төбелестiретiн арнайы орындар да жетерлiк. Ол - итқұмарлар үшiн нағыз ақша табудың көзi. Олардың айтуынша, қандай күштi ит болса да бәрiбiр азиялық төбетке шамасы жетпейтiн көрiнедi.

Бiр өкiнiштiсi - аталмыш базарды аралап жүрiп, бiр қазақы төбеттi көрмек түгiл, ит сатушылардың арасынан "қазақы ит" деген сөздi ести алмадық. "Олар қазiр құрып бiткен!" дейдi. Сондай-ақ қазақы төбеттiң орнын ортаазиялық төбет, алабай, азиат деген ит тұқымдарының басып кеткенiн де тiлге тиек еттi. Және оларды түрiкмен иттерiне телу үрдiске айналған көрiнедi. Негiзi, түрiкмендер ақалтеке арғымағымен қоса, алабай итiмен де әлемге әйгiлi. Сондықтан да түрiкмендер тектi иттерiне көп көңiл бөледi. Ауыл шаруашылығы, сауда министрлiктерi оларды қамқорлыққа алған. Өткенде шекарада алабай итiн алып өтем деген елшiмiз лауазымды қызметiнен қоштасқанын барлық БАҚ құралдары жария еткенi белгiлi. Қысқасы, оларда асылтұқымды иттерiне мемлекеттен қолдау бар. Ал бiзде ше? Бiздiң ауыл шаруашылығы министрiнiң "сен тимесең мен тимен бадырақ көздiң" керiн келтiрiп отырғанын қалай түсiнуге болады? Түрiкмен итi бұрыннан бақташылықпен аты шықса, қазақы төбет қасқыр алатындығымен ерекшеленген емес пе едi? Ежелгi әпсаналарды ашып қарайтын болсақ, бiздiң арландарымыз тек қана қасқыр емес, барыс, аюмен жекпе-жек шыққандары анық көрсетiлген. Тайыншадай сырттандарымызды бағалай бiлмегенiмiздi кiмнен көремiз? Кезiнде қойшының балалары үстiне ат қылып мiнiп алса да, мыңқ етпей, иесiне адалдық танытатын қайран қазақы төбетiмiз-ай! Бұл жерде құмай тазыны сөз етудiң өзi артық... Итi жаман десе, ашуланатын қазақы намыс қайда кеткен?..

Иттердің бағасы:
ауған борзасы - 12 мың, ротвейлер, бульдог- 8 мың, бултерьер мен боксер - 7 мың, пит - 18 мың теңгенің үстінде, ал Кавказ төбеті -
400 доллар, Орта Азия төбеті -
100, 150 доллардан жоғары,
алабай - 250, 300 доллар,
қандендер - 1000, 1500 теңге.

Нұрғали ҚҰДАБАЕВ, итқұмар:
- Қазіргі кезде иттерді таңдаудың өзіндік сыры көп. Бұрын ауылдағы үлкендер «мына иттің кеудесі жалпақ, шоқтығы биік екен» деп қазақы көзқараспен таңдап жататын. Бірақ қазір ит таңдауда ол аздық етеді. Асылтұқымды иттердің көбі қазір Орта Азия мен Түрікменстаннан, Кавказдан келеді. Оларды қазақша таңдай алмайсыз. Оның туу туралы куәлігі болады. Сол куәлікте асылтұқымды иттердің бүкіл ата-тегі жөнінде мәлімет жазылады. Ата-тегі кім, шешесі кімнің тұқымы, әкесінің қанының құрамы қандай, алған атақ-дәрежесі, ата-бабасының қандай жарыста қалай келгендігі, бәрі-бәрі жазылады. Осыған байланысты сатып аласыз.

Соңғы жылдары елiмiзде түз тағылары көбейiп, төрт түлiктi түре қырып, тiптi адамдардың өзiне ауыз сала бастағанын талай естiдiк. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрi қасқырларды аулауға арнайы ақша бөлген болатын. Алайда атқа мiнiп, мылтық асынғандар бөрiлерге бөгеу бола алмады. Осындайда ойлайсың, әр ауылда үш-төрт сырттан ит болса, қасқырлар ауыл сыртынан жүре алар ма едi? Ендеше, тиiстi министрлiктер ежелден мал мен жанды сақтап келген қазақы төбеттерiміздi сақтауға және өсiп-өнуiне көңiл бөлсе, қанеки! Сонда бiрнеше мәселе сабақталып, өздiгiнен шешiле берер едi.

 

 

Серік Жұмабаев

«Алаш айнасы» газеті 27 маусым 2009 жыл

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396