Сенбі, 23 Қараша 2024
2043 0 пікір 20 Шілде, 2020 сағат 10:34

ЕО жетекшілері экономиканы қалпына келтіру мәселесін талқылап жатыр

Брюссель қаласында үш күннен бері Еуроодақ саммиті өтіп жатыр.

Саммит мақсаты  коронавирус эпиядемиясынан соң экономиканы қалпына келтіруді көздейтін шаралар қабылдау.

Еуроодақ елдерінің жетекшілері пандемия басталғал бері алғаш рет бас қосты. Бұған дейін олар қашықтан сөйлесіп келген. Саммит ұзаққа созылып барады. Одақ жетекшілері оның уақытын созуға мәжбүр болды, өйткені мұнда 750 миллиард евроның қорын құру мәселесі бойынша келіспеушіліктер көп болып тұр. Қаражат пандемиядан қатты зардап шеккен елдерге көмектесуге жұмсалады. Бұған қоса, саммитте ЕО-ның жеті жылдағы бір триллион евроның бюджетін есептейді.

Одақ елдері ортақ келісім табу керектігін түсінсе де, оған жету оңай емес болып тұр. Германия канцлері Ангела Меркель жексенбі күні таңертең саммит нәтижесі әлі анық емес екенін мәлімдеді.

Ұйымдағы бес мемлекет Еуропаның оңтүстігіндегі Италия және Испания секілдірді елдерге берілетін қаржылай көмекті бақылау тәртібін қатайту керек деп отыр. Бұл топқа Нидерланд, Дания, Австрия, Финляндия және Швеция кіреді. Германия мен Франция жетекшілері "бестік" жетекшілерін ортақ шешімге әзірге көндіре алар емес.

ЕО жетекшілері ұсынған жоспарда қаражаттың көп бөлігі эпидемиядан зардап шеккен елдерге гранд түрінде беріледі делінсе, Нидерланд пен оның одақтастары несие түрінде бөлу керек деп отыр.

Бірқатар саяси күштер Еуроодақты эпидемия басталған уақытта жылдам әрекет етпеді деп сынады. Соның салдарынан ұйымға мүше жекелеген елдер шекараны жабу және басқа да шешімдерді ұымдағы басқа елдермен ақылдаспай қабылдаған. ЕО жетекшілері қателік кеткенін мойындамай отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525