Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3442 0 пікір 30 Қараша, 2011 сағат 06:48

Алаштың Алданы еді...

Соқалап жүріп орыс тілін үйренгендер немесе тілі орысша шыққандар қазақ ішінде қазаққа қарсы пікір айтып, қазақ тілін мазақтап, тарихын мансұқтап, қорлап сөйлемесе, қор болып қалатындай    хал туған мына заманда «атойлап атқа мінген» Алдан ағаны сағынады екенсің...

Алдан аға Айымбетов... қара жердің бетінде қалқайып тірі жүрсе, алдағы желтоқсан айының 15-інде 80-нің сеңгіріне шығар еді.

Академик Алдан Айымбетовті көзіқарақты жұрт  қазақ қоғамының ақиқатын айтып, «Казахская правда» газетін шығарған жалынды публицист ретінде біледі. «Казахстанская правданың» өтірігіне өлесі мас болған «көп ұлтты» Қазақстандағы қазақ тағдырына алаңдап, қазақтың бейшара күйін ашына жазатын қайран аға Своик, Масанов сияқты нигилист-шовонистердің сыбағасын дәл уақтында беріп отыратын. Әр нөмірін қазаққа қасынып әм басынып шығаратын «Караванның» да аузына құм құятын жалғыз жан - Алаштың аяулы Алданы еді. Алдан аға туралы айтарымыз әлі алда. Біз сол айтарымыздың басы ретінде Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби қордың диркеторы  Ғабиден Жәкеевтің естелігін бергенді жөн көрдік.

- Алдан ағаның  даңқына студент кезімнен қанықтым. Тәуелсіздігімізді алып, дербес ел атансақ та орысшыл, нәсілшіл күштердің айылын жимай тұрған кезі. Іш қазандай қайнағанымен қайда барарымызды білмей жүрген кезіміз. Сонда Алдан аға шығаратын «Казахская правда» газетінің кезекті санын оқыған соң ғана сабамызға түсетінбіз.  Осы күні де ішіміздегі жұрттың қазаққа деген пейілі түбегейлі өзгеріп,  қабағы жылыды, жүрегі жібіді дей алмаймын.  Бірақ, 1990 жылдары қазақтың мемлекет құрушы ел екендігін ешкім ескергісі келмеген, ескеріу былай тұрсын кекетіп-мұқатқан, аяқтан шалған, кедергі жасап баққан кер заман болды. Сол заманда орыстілінде жазатын Алдан ағамыз кер баққан тарапқа қазақ тағдырын түсіндіріп-ақ бақты. Қарсы келгендерін қақ маңдайдан сілейте соғып та жататын.

1997 жылы есімде,  Алдан ағаның үйіне барып тұрып таныстым, сұхбат құрдым. Кейін достарым Ермахан Ыбырайымов пен Болат Жұмаділовты ертіп бардым. «Каз правданың» бір екі нөміріне әлімізше қаржылай көмек жасаған да болдық.

Алдан аға жанкешті адам еді. Газеттің бар материалын өзі теретін, өзі беттейтін, баспаға өзі апарып бастырып, өзі тарататын. Осындай еңбекті  бүгінгі  БАҚ-тың  басшылары жасай ала ма? Қайдам?.. Алдан аға ұлтын сүйетін. Ұлтын, елін Алдан Айымбетовтай сүйген білімді, парасатты, мәдениетті ,кемел адамды табу қиын-ау қазір...

Алдекеңнің «Каз правданы» үзбей шығарып тұруына Алтынбек Сәрсенбайұлының, Сейдахымет Құттықадамның, Заманбек Нұрқаділовтың жәрдем жасайтынын білетінмін. Бір реті келгенде Алдан аға мені Зәкеңмен таныстырды.  Ол да бір өткен күндер екен...

«Казахская парвда» газеті қазір шықпайды. Алдан ағадан соң аталған басылымның ғұмырын жалғастыратын қазақ арамыздан табылмады. Әйтсе де, әр жүректің отын жандырған «Каз правданың» жалыны жанымыздан сөнген жоқ. Ұлы Әлихандар бастаған жұлдызды шоғырдың үн жариясы «Қазақ», «Айқап» сияқты ол да өзінің болашағын күтіп жатыр...

Ғабиден Жәкеев, «Ғ. Мүсірепов» атындағы қордың директоры.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320