Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3588 10 пікір 30 Шілде, 2020 сағат 12:07

Путин ЕАЭС-ті саясиландырғысы келетінін аңғартып жүр

Таңданам. "Қазақстан ЕАЭС-ке кіргені дұрыс болды. Бұл бизнесті, экономиканы дамытып, бәсекелестікте отандық сапалы тауар шығаруға ықпал етті" деген блохерлерді көргенде таңданам. НАҒЫЗ БЛОХЕРЛЕР!

ЕАЭС-ке келгенде қандай бизнестің дамуы, қандай қарыштаған экономика жайлы сөз болуы мүмкін? Ұйымда болсақ та, сауда-саттық саласында соғыс жүріп жатқандай әсерде боламын.

Магнумге кіріп қалсаңыз "Құрметті тұтынушы. Қазақстандық тауарды алыңыз, отандық өнімді қолдаңыз" деген дауысты арасында естіп қаламыз. Ал сөрелерде "Қазақстанда жасалған" деген көк түспен жазуды көресіз. Бұл нені білдіруі мүмкін? "Отандық өнімді сатып алып, патриот бол" дегенді ме? Солай да шығар. Бірақ сонымен қатар тынысы тарылып, "бізді сатып алшы" деген отандық өндірушінің жанайқайын да көрсетіп тұр емес па?! Ұйықтап жатқан адамды жастықпен тұншықтырғандай, ЕАЭС деген біздің кәсіпкерлерді, бизнесті де тұншықтырып жатқандай әсерде болам.

Оқтын-оқтын біз шекарадағы келеңсіздіктер жайлы оқып қаламыз. Қазақстандық фуралар Ресейге өте алмай тұрғаны жайлы осы уақытқа дейін талай ақпарат шықты. Арасында шекарада сондай тоқталым болып тұрады. Осы ма экономикалық одақтастық?

Мәселенки Еуроодаққа мүше елдер бір-біріне еркін сауда жасайды. Мысалы Аустриядағы супермаркетте мен жарты Еуропаның тауарын көрдім. Бірақ "Аустрияда жасалған" деген жазуды, я "Аустриялық тауарды алыңыз, отандық өнімді қолдаңыз" деген дауысты естімедім. Соған қарап "әділетті ұйым ба" деген ой келді. Мүмкін оның да минустары көп шығар, оны көріп, түсіну үшін кемі бір жыл сол елде болу керек. Алайда жаңалықтардан экономикасы әлсіреген одақтастарына көмек беріп тұратынын көріп, аздап ішім жылып қалады. Сөзсіз ЕО ЕАЭС-тің алдында жүз есе мықты ұйым.

ЕАЭС-тің бетін тырнап қалсаң, ар жағынан қызыл қанды империяны аңсаған Путиннің арам пиғылын байқау қиын емес. Соңғы уақытта бұл бірлестікті саясиландырғысы келетінін аңғартып жүр. Біздің президент бір мәрте оған жол жоқ екенін көрсетті. Бірақ Путин конституцияны өзгертіп алды. Енді кемі 2036-ға дейін тақта отыратын құқықтық база жасап алды. Демек әлі 16 жыл ол осы ЕАЭС-ті уысында ұстайды. Сол аралықта оны барынша саясиландырып, түрлі құжаттар мен бағдарламаларға қол қойып жібермесек болғаны. Қазақстан бұл ұйымнан шығуы тиіс деп санаймын. Тоқаев мырзаның өткендегі сөзіне қарап президенттің де бұл одақта болғысы келмейтінін аңғару қиын емес-ау.

Соған қарамастан блохерлер бұл одақтың "орасан зор пайдасы" жайлы қайталап айтудан жалықпайды. Құдды бір касетаны қайталап қойғандай күні-түні сарнайды.

Асхат Қасенғалидың жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320