«Рухани жаңғыру» бағдарламасына 3 жыл толды
2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Елбасының аталған бағдарламалық мақаласы халықтың құндылықтарымызды жаңғырып, санамызды сілкінтуге, ұлттық тамырымызға қан жүгіртуге қозғаушы күш болды.
Жаһандану деген жаңа үрдіс есік қағып, дүниежүзілік өркениет кеңістігі жалпы адамзат баласын алып құшағына тартып бара жатқан бүгінгі таңда рухани жаңғыру өте керек. Осыны дер кезінде аңғарған Тұңғыш Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегін жариялап, ұлттық санамызға соны серпін туғызды.
Аталған бағдарламалық мақала жарияланғалы тура үш жыл уақыт болды. Осы үш жылда Республика көлемінде көптеген игі істер, нақты жобалар жүзеге асты. Ел елсінде қаларлық елеулі оқиғалар орын алды. Әлеуметтік маңызды жобалар қолға алынды. Бұлардың ішінде ең маңыздыларының бірі ретінде ұлттық жазуымызды біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын айтсақ болады.
Одан бөлек әр азаматтың кіндік қаның тамған туған жеріне деген мәңгілік сүйіспеншілігін оятып, отаншылдық рухын тасқындатуға себеп болған «Туған жер» бағдарламасын айтпай кетуге болмайды. Және елдің ертеңі, ұлттың болашағы болған жастарға үлгі боларлық, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі таңдағы жарқын таризын өз қолдарымен жазып жатқан ерен азаматтарды танытуды мақсат тұтқан «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы да өз жемісін беріп жатыр. Сондай-ақ, жастардың әлемдік деңгейдегі оқулық кітаптарымен білім алуын қамтамасыз ету үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 100 оқулық жобасы жүзеге асырылды.
Біз сөз етіп отырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Тұңғыш Президент: «Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз де бұған дайын болуымыз керек», деп отандастарымызды байтақ болашаққа жетуге үндейді.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жыл барысында қандай деңгейде жүзеге асқанын саралап көруге ниет етіп отырмыз. Ендеше бұл үш жыл Қазақстан халқы үшін мың жылдық мәдениетін тірілтіп, ұлттық құндылықтарды оятып, халықтың рухтың тірілген жылдары болды деуге толық негіз бар.
Бір халытың таризы үшін үш жыл көп уақыт емес. Бірақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғаннан бергі үш жыл біздің халқымыздың тарихында отыз жыл, тіпті үш жүз жылға татитын елеугі өзгерістерімен есте қалары сөзсіз.
Нақтырақ айтқанда бір ұлттың, халықтың рухани жаңғыруы мәңгілік жалғасатын ұзақ үрдіс. Ендеше өткен үш жылда үз жүз жылға татитын өзгерістер орын алды деуіміз тегін емес. Үш жылдағы жаңалық пен жаңғыру үш жүз жылдық өзгерістің басы, тамыры болары сөзсіз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алты арнайы бағыт бойынша, он үшін жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бір парасы халықтық құндылықтарымызды жаңғыртып, салт-дәстүрлеріміз бен руханиятымызды билік белеске көтеруге бағытталған.
Бәріміз білетіндей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар-ламалық мақаласынан кейін, дәл осы еңбектің жалғасы саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. «Рухани жаңғырудан» рух алған ұлттық құндылықтар мен халықтық идеялар «Ұлы даланың жеті қыры» жазылғаннан кейін тіпті шырқау биікке шықты.
Тұңғыш Президенттің біз сөз етіп отырған мақаласындағы басым бағыттардың бірі тарихи сананы қайта жаңғырту болатын. Жоғарда айтқанымыздай жаһандану үрдісі ешкімді аямай, алып доңғалақтарымен жолында кездескеннің бәрін жайпап барады. Мұны әрине бейнелі түрде айтып отырмыз. Әйтпесе жаһандану үрдісі өркениетті түрде жүзеге асуда. Жаһандануға жем болмаудың жалғыз жолы тарихи сананы жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Сонда ғана жаһанданған әлемде бірегей ұлттық мемлекет болып тұра аламыз.
Халықтың рухани жаңғыруының басты кілті тарихи білімге ие болып, тарихи санада зор сілкініс туындауында. Тарихын таныған, халықтық құндылықтарын ұлықтаған, ұмытпаған ұлт қана жаңа заманның көшінен қалмай алға басады. Сонау 2003 жылы жарияланған «Мәдени мұра» бағдарламасы да осы мақсатты көздеген болатын. Осы жобаның із басары іспетті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сынды еңбектер жазылып, халықтың қажетіне жарады.
Сөз соңында айтарымыз, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қабылданғанына үш жыл толып отыр. Бұл үш жыл Қазақстан халқы үшін рухани өсіп-өнген, жетілген жылдар болды. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Елдің ертеңі, ұлттың болашағы болған жастар үшін бірегей шаралар жүзеге асты. Үш жылдық ауқымды жұмысты бір мақаланың ауқымына сыйдыру мүмкін емес. Біз мемлекеттік маңызы бар ірі бағдарламаның үш жылдық жолына шағын шолу жасадық.
Мақаламыздың соңын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз сөзімін аяқтағанды жөн көрдік. «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес», дейді Елбасы. Тұңғыш Президенттің осы сөзі халықтық құндылықтарымыздың бұрынғыдан да билік деңгейде ұлықталып, әлемдік деңгейдегі дамыған ел болуымызға жол сілтеп тұрғаны анық.
Abai.kz