Жұма, 22 Қараша 2024
Коронавирус 6804 0 пікір 3 Тамыз, 2020 сағат 11:38

Карантин екі аптаға созылды

Қазақстан бойынша қатаң карантин режимі тағы екі аптаға созылды. Әр аймақтың бас санитар дәрігерлерінің қаулысы бойынша 3 тамыздан бастап елде шектеу шаралары енгізіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кеңес барысында карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған еді.

Ал, кеше Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Прәлиева Нұр-Сұлтан қаласында қатаң шектеу шараларын 2020 жылдың 3 тамызынан бастап ұзарту туралы бұйрыққа қол қойды.

Қаулыда айтылғандай, ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс - шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу, форум, конференция, семинар, жиналыс және басқа да жиындарды өткізуге тыйым салынады. Спорт жаттығуын тек жеке және ашық ауада өткізуге болады. Жеке, 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа табиғатқа экскурсия, корпоратив, топтық серуен ұйымдастыруға және рұқсат етілмеген жағажайларда шомылуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруіне шектеу қойылады Тұрғылықты жерінен шыққан кезден бастап маска кию бойынша міндетті талаптарды сақтау, 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Жұмысқа барып-қайтуға, аулаларда және саябақта, алаңда, скверлерге, жағалауға барып серуендеуге - жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етіледі. Қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және адам көп жиналатын объектілерге бару кезінде маска кию және антисептик пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау керек.

Одан бөлек, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ашық ауада жұмыс істейтін көтерме азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар сағат 13.00-ге дейін ашық тұрады. Санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін істеуі керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322