Сенбі, 23 Қараша 2024
2981 0 пікір 6 Тамыз, 2020 сағат 11:02

Қырғызстанда коронавируспен ауырғандар саны соңғы 2 аптада 40 процентке төмендеген

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып жатыр деп мәлімдеді елдің премьер-министр Кубатбек Боронов.

"Вирус анықталғандар саны азайып, сауығып жатқандар көбейіп жатыр. Бұл - жақсы көрсеткіш. Соңғы 14 күнде жаңа түсіп жатқан науқастар саны 39,2 процентке кеміген. Бірақ екінші толқын болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды", - деді Боронов.

Оның айтуынша, алдын алу шараларын күшейту үшін, күзде ОРВИ және гриппқа қарсы вакцина жүргізіледі. Тұрмыстары төмен адамдарға екпе тегін салынбақ.

Үкімет басшысы қосымша медициналық құралдар сатып алынады деді.

Бішкекте бірқатар күндізгі стационарлар науқас аз түсуіне байланысты уақытша жабылған. Егер 4 тамызда күндіз 964 адам қаралса, 5 тамызға қараған түні 173 адам емделген.

Бішкек әкімшілігінің мәліметінше, бір айдың ішінде күндізгі стационардан 84 мың 689 адам ем қабылдаған. Ал түнгі емдеу орындарына 8 мың 688 адам қаралған.

5 тамыздағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда жалпы COVID-19 вирусы 38110 адамнан анықталған, 1438-і қайтыс болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387