Сенбі, 23 Қараша 2024
1975 0 пікір 7 Тамыз, 2020 сағат 14:14

21 250 теңгені 2 миллионнан астам қазақстандық алды

Карантин кезінде табысынан айырылған 2,2 миллион қазақстандық бір жолғы әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. 

«7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 480 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.

Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда» ,- делінген хабарламада.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде:

– 835,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 632,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 370,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 642,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 227,1 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391