Жұма, 10 Қазан 2025
3357 7 пікір 10 Тамыз, 2020 сағат 14:18

Тоқаев Лукашенконы қайта сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь Президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

"Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті", – делінген жеделхатта.

Президент екі ел халқының игілігі үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами береді деп сенетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті ретінде ойға алған барлық жоспарын толық жүзеге асыруды, ал Беларусь халқына бейбітшілік, өзара түсіністік пен өсіп-өркендеу тіледі.

Айта кетейік, Беларусь орталық саулау комиссиясы президент сайлауының алғашқы нәтижелерін шығарды. Александр Лукашенко 80,23 пайыз дауыс жинады, оның кандидатурасын 4 миллион 652 мың адам таңдаған.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 776
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9788