Сенбі, 23 Қараша 2024
1908 1 пікір 11 Тамыз, 2020 сағат 11:33

Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 136 млрд теңгені құрады

Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 136 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылу жайында есеп берген ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6 пайызға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,1 пайызға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 136 млрд теңгені құрады. 74 млрд теңгеге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 13 млрд теңге, игерілмегені – 61 млрд теңге», - деді министр Үкімет отырысында.

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасау рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеуге байланысты тауарларды жеткізбеу.

Қаржы министрінің айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 4 трлн 172 млрд теңгені құрады, 62 млрд теңгеге атқарылмаған.

«Биыл өңірлерге сомасы 2,3 трлн теңгеге нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша 1 тамыздағы кезеңде оларға 1,1 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 98,3 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 19 млрд теңге. Оның ішінде үнемдеу – 4 млрд теңге, игерілмегені – 15 млрд теңге», - деп түсіндірді Е. Жамаубаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475