Сенбі, 23 Қараша 2024
2299 3 пікір 13 Тамыз, 2020 сағат 11:09

ЕО Беларусь билігінің өкілдеріне санкция салуы мүмкін

Еуропалық одақ Беларусь билігінің сайлау нәтижелерін бұрмалауға, белсенділерді тұтқындаға жауапты өкілдеріне санкция салуы мүмкін.

Еуропалық одақтың сыртқы істер мекемесінің басшысы Жозеп Боррель сейсенбі күні осылай деп мәлімдеді.

9 тамызда Беларусьте ұйымдастырылған президент сайлауы әділ өтпеді делінген мәлімдемеде. Бұған қоса, Беларусь билігі наразылық акциясына қатысушыларға күш қолданып, соның салдарынан кем дегенде бір адам қаза тапқан.

ЕО Беларусь билігінен ұсталған белсенділердің барлығын тез арада босатуын талап етті.

Мәлімдемеде ЕО мен Минск қарым-қатынасы нашарлауы мүмкін екені айтылды.

Польша, Литва және Украина сыртқы істер министрлері де осыған ұқсас мәлімдеме таратты. Олар Беларусь билігі мен азаматтық қоғам арасында диалог орнатуға көмектесуге әзір.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында Александр Лукашенко жеңіске жетті деп хабарлаған. Ресми мәлімет халықтың жаппай наразылығын туғызды. Олар сайлау нәтижелері бұрмаланды деп есептейді. Беларусь билігі наразылықтарды күшпен басып, мыңдаған адамды тұтқындады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502