Сенбі, 23 Қараша 2024
2623 0 пікір 14 Тамыз, 2020 сағат 13:01

Ильяс халықаралық байқауларда бақ сынамақ

Елімізде «Жанам деген жүрекке от беретін», өнерлі жастардың талабын ұштап, жолын ашуға бағытталған жобалар аз емес. «Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының да негізгі мақсаты сол. Қызылордалық Серікбай Ильяс есімді жас киногер сол бірегей жобаның шарапатын көргендердің бірі болып табылады.

Біз талабы таудау жігітке хабарласып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.

– Менің есімім Серікбай Ильяс. 2003 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Бүгінде Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның 11-сыныбында білім алып жатырмын. Өзім видеороликтер түсірумен, әлеуметтік жобалармен айналысқанды ұнатамын. Мектеп ішінен достарымызбен «Мейірімге толы жүрегім» атты еріктілер ұйымын құрып, бүгінде аймағымызға көмек көрсетіп келеміз, – деп әңгімесін бастады біздің кейіпкеріміз.

Биылғы жыл Серікбай Ильяс үшін жемісті болды. Кино бағытында Mbff: Қазақстандағы алғашқы мобильді фильмдер фестивалінде бір номинацияда жеңімпаз атанды. Кәсіби видеокамераға емес, қарапайым айфонға түсірген дүниесі қазылар тарапынан жоғары бағаланды. Одан соң «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты балалар кинофестивалінің қалалық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы атанды. Оның түсірген қысқа метражлы фильмдерін YouTube желісінен тамашалауға болатынын да айта кетейік. Байқауға Рашид Сүлейменов, Ерден Тілемісов сынды танымал киногерлер қазылық жасағанын да атап өткен жөн.

– «Қазақстан балалары шексіз әлемде» байқауының республикалық кезеңіне қатысу үшін Гранттар конкурсына өтінім жіберген болатынмын. Жолым болып, «Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының грантын ұтып адым.  Әрине,  алғаныма өте қуаныштымын. Қазірде жастарды қолдап, олардың ары қарай дамуына мүмкіндік беру маңызды. Ендігі жоспарым халықаралық байқауларда бағымды сынап көру, – дейді өнерлі жігіт.

Көріп отырғанымыздай, Ильяс қана емес, басқа да жүздеген өреннің жарқырап жануына жәрдемі тиген «Шығармашыл жастарды қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы дарынды жастарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп, жағдай жасау үшін гранттар берумен айналысады. Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының шеңберінде «Логос-Қарағанды» мүгедектерді оңалту орталығы тарапынан іске асырылып жатқанын айта кетейік.

Сәл кеңірек баяндар болсақ, осы жоба аясында 14-29 жас аралығындағы дарынды қазақстандықтарға республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысуға 200 мың теңге көлемінде 30 грант, сонымен қатар халықаралық байқаулар мен фестивальдерге бақ сынауға жол ашатын 700 мың теңге көлеміндегі 20 грант ұтып алуға мүмкіндік беріледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522