Сенбі, 23 Қараша 2024
1996 3 пікір 18 Тамыз, 2020 сағат 11:31

Лукашенко: жаңа сайлау тек жаңа конституция қабылдағаннан кейін ғана болуы мүмкін

Беларусьте қайта президент сайлауы тек жаңа конституция қабылдағаннан кейін ғана болады деп мәлімдеді Александр Лукашенко МЗКТ зауытына барған кезінде. Бұл жөнінде "РИА Новости" хабарлады.

ТАСС агенттігінің жазуынша, Лукашенко жаңа конституцияны бүкілхалықтық референдумда қабылдағаннан кейін ғана президент сайлауы өтуі мүмкін деп мәлімдеген.

BBC-дің хабарлауынша, Лукашенко өзіне қысым жасалса да, биліктен бас тартпайтынын айтқан.

Президенттіктен үміткер болған Светлана Тихановская жаңа сайлау өткізу үшін және реформа жүргізу үшін жауапкершілікті өзіне алып, саяси лидер болуға дайын екенін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Беларусьтегі жағдайды "жан түршігерлік" деп атап, бұл жағдайды Америка бақылап отырғанын жеткізген.

Бірер күн бұрын Польша астанасында сөйлеген сөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да Вашингтон Беларусьтегі жағдайды бақылап отыр деп мәлімдеген. Оның айтуынша, өзінің ЕО лидерлерімен байланыстағы мақсаты – беларусь халқына "егемендік пен бостандыққа жетуіне" көмектесу.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502