Қай өңірлерде жемқорлық күшейіп тұр?

Ranking.kz сарапшылары қай аймақтарда парақорлыққа қатысты ең көп құқықбұзушылық тіркелгенін айтты.
Зерттеу мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар - шілдесінде елімізде парақорлыққа қатысты 877 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырға қарағанда 3,2 пайызға көп.
"Жеті айдың қорытындысы бойынша парақорлық бойынша құқықбұзушылықтардың ең көп саны Батыс Қазақстан облысында тіркелді - 100 оқиға, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 2,1 есе көп. Сондай-ақ, тізімнің үштігіне Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы да кірді: әр өңірде тіркелген құқықбұзушылықтар саны - 75 ", - дейді сарапшылар.
Abai.kz