Ведомство басшысының айтуынша, қазір тиісті дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Abai.kz
Биыл бірінші сынып оқушылары 1-2 тоқсанда «Әліппе», ал 3-4 тоқсанда «Ана тілін» оқиды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте журналистің қойған сұрағына берген жауабында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бағдарлама әзірленіп, бекітуге дайын. Оқулық Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалады.
«Қазақ тіліне тән қасиеттер, өзіне тән мәселелері ескеріле отырып, дайындалады. Мысалы, оңайдан күрделіге көшу. Дыбыстар бойынша. Өйткені қазақ тілінің өзінің ерекшеліктері бар. Өзінің фонетикалық ерекшеліктері бар. Ғалымдармен бірлесе отырып, осы бағдарламаны жасадық. Мазмұны жағынан алып қарағанда бұл балалар үшін өте тиімді болады. Балалар дайын мәтіндерді ғана оқымау керек. Олар 1-сыныпқа әртүрлі деңгеймен келеді. Балалр оқуды осы әдістемемен бастайды», - деді ҚР БҒМ министрі.
Ведомство басшысының айтуынша, қазір тиісті дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Abai.kz