Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2661 1 пікір 28 Тамыз, 2020 сағат 11:28

Семей әкімдігіне бомба қойылды деген хабардан кейін жүзден астам адам эвакуацияланды

Семей қалалық әкімдігі ғимаратында бомба бар екендігі туралы хабар түскеннен кейін, 170 адам эвакуацияланды. 27 тамызда түскі сағат 13:00 шамасында полицияға анонимді қоңырау түскен.

Полиция аймақты қоршауға алып, өрт сөндірушілер мен сапёрлар келген.

17:00-ге қарай жарылғыш затты іздестіру аяқталып, ғимарат ішінен бомба табылмағаны белгілі болды.

Соңғы бір ай ішінде Семейде бомба туралы үшінші рет анонимді қоңырау түскен. 9 тамызда қаладағы сауда орталықтарының біріне және тұрғын үйге бомба қойылғаны туралы хабар түскен. Онда 200-ден астам адам эвакуацияланып, бірақ жарылғыш зат табылмаған. Полиция бұл жөнінде хабар берген адамның анықталғаны-анықталмағаны туралы мәлімет бермеді.

Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған мәлімет үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және 33 мың долларға дейін айыппұл салу жазасы қарастырылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019