Сенбі, 17 Мамыр 2025
3495 0 пікір 1 Қыркүйек, 2020 сағат 11:28

Алматыда мектептер ашылды, музейге, бассейінге барып, тауға шығуға болады

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес, қалада карантин шаралары жеңілдетілді. Атап айтқанда, қаулы театрға, кітапханаға, музейге, ғибадатханалар мен бассейнге және спорт кешендеріне баруға рұқсат береді.

Тауға шығуға да жол ашылады. Білім беру мен дамыту орталықтарының жұмысына рұқсат етілді. Сонымен бірге мектептер жалпы адам санын 180-нен асырмай жұмыс істеуіне болады. Бір сыныпта 15-тен артық оқушының отыруына болмайды. Балабақша жұмысы да қалпына келеді.

Бірақ Бекшин қаулысына сәйкес, демалыс және мереке күндері сауда, ойын-сауық мекемелері мен базарлар, мешіттер жұмыс істемейді.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай ушығып кеткеннен кейін, 5 шілдеден карантинді қайта енгізген. 17 тамыздан бері шектеуді жеңілдетті. 31 тамыздан бастап қосымша шектеу шаралары алынды.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 105,7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталып, 1588 науқас қайтыс болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2697
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4421