Сенбі, 23 Қараша 2024
1941 0 пікір 20 Тамыз, 2020 сағат 14:41

«Рухани жаңғыру». Бізді қандай өзгерістер күтіп тұр?

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаңа жағдайларға бейімделмек. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді.

Вице министрдің сөзінше, «Рухани жаңғыру» аясында қазақстандықтардың жеке кәсіби қасиеттері мен қазіргі заманғы сын-талаптарға төтеп бере алатын іс-шаралар қолға алынбақ.

«Біз бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын заманауи жағдайға бейімдейтін бірқатар мақсат-міндеттер қойып отырмыз. Оның ең бастысы – қазақстандықтардың қазіргі заманауи сын-талаптарына төтеп бере алатын сонымен қатар олардың кәсіби қасиеттерін дамытатын іс-шараларды қолға алу. Әрине мұның барлығы да ұлттық ерекшелікті сақтай отырып жүзеге асырылмақ.

Бұл тұрғыда министрлік қазірдің өзінде бірнеше жобаның нұсқаларын әзірледі. Атап айтсақ, халықтың құқықтық мәдениетін ашатын “Құқықтық мәдениет” атты жоба, ұлттық құндықылтар мен салт-сананы жаңғыртатын “Дәстүр мен ғұрып” атты жоба, сонымен қатар еңбекқорлықты дәріптейтін “Еңбек елдің мұраты” сияқты жобалар бар. Мұның барлығы да тәрбие мен ізгілікті тұғыр еткен, прагматикалық өмір салтын дәріптейтін бастамалар»,- деп түсіндірді Болат Тілепов.

Тілепов мырзаның айтуынша, аталған жобалардың қамтитын тақырыптары атауынан әлдеқайда терең, мағыналы. Мәселен, бұл қатарға өскелең ұрпақты эстетикалық талғамға баулу, олардың өмір салты мәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыру жатады. Яғни, аталған жоба болашақ өрендердің қарапайым тамақтану мәдениетінен бастап олардың әдебиет, музыка, театр секілді терең дүниелерді түсінуге, әр азаматтың жеке құқықтарын қорғай білуге, кәсіп ашып, кәсіпкерлік қабілеттерін арттыруды көздейді.

«Бұл қатарға Мемлекет басшысы көтерген ірі бастаманың бірі – қоғамдағы экологиялық сауаттылық пен экомәдениет мәселесі де жатады. Немесе, мектеп жасындағы балалар мен жастарды кітап оқуға баулитын “Кітапсүйер ұлт” ұранының да маңызы өте зор. Себебі, кітап қай кезең, қай заманда болмасын рухани кемелдіктің  бірден-бір өлшемі. Ол солай болған және бола да береді», - деді вице-министр.

Ал, күні кеше Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізген болатын.

Кездесу барысында вице-министр аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылап, биылғы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған нақты қызмет бағыттары мен алға қойылған міндеттерді талқылаған еді.

Нақтырақ айтсақ, Болат Тілепов «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясында әрбір аранйы жобаның іс-шараларына қатысатындардың жас ерекшеліктерін ескеріп, аталған жобалардың қызықты да пайдалы болуына баса мән беретіндігін айтып өтті.

Сонымен қатар, аталған жобаны жүзеге асыру бойынша келесі  жылға арналңан іс-шаралар жоспарын әзірлеу жұмыстары да пысықталған. Жаңа жоспар жаңа талаптарды ескере отырып жүзеге асырылмақ. Ол жоспар сараптамалық қоғамдастық талқысына ұсынылатын болады.

Одан бөлек, Тілепов мырза қолға алынатын жаңа жобалардың сапалы әрі тиімді іске асырылуы маңызды екенін айтты.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы еліміздің мәдени-рухани өміріне тың серпін берді. Бағдарламада атып көрсетілген “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы, “Туған жер”, “Қазақстанның киелі жерлері” жобасы немесе “Қазақстанның 100 жаңа есімі” сынды жобалар аясында бірқатар іргелі істер атқарылды.

Мәселен, бағдарлама жарияланған бір жылдың ішінде-ақ Жоғарғы оқу орындарының ұсыныстары негізінде 800 атаумен алғашқы оқулықтар тізімі құрастырылды. Сонымен қатар, әлем классиктерінің үздік шығармалары қазақ тіліне аударылып, оқырмандармен қауышты.

Алдағы уақытта мұндай ауқымды жобалар әлі жүзеге асырыла бермек. Бірақ, ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдегендей, алдағы жобалар жаңа көзқарастар мен ұлттық ерекшеліктерді сақтауға, дәріптеуге бағытталмақ.

Демек, қоғамның рухани-мәдени өмірінен ойып орын алған “Рухани жаңғыру” жобасы жаңа кезеңнің жаңа талаптарына бейімделе отырып, ел руханиятының әрі қарай да кең қанат жаюына өз үлесін  қоспақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475