Бейсенбі, 29 Қазан 2026
Жаңалықтар 238 0 пікір 29 Қазан, 2026 сағат 16:19

Үкімет 2027 жылға арналған жоспарын таныстырды

Сурет: aqshamnews.kz сайтынан алынды.

Ұлттық экономика министрлігі халықтың табысын арттыру және кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мақсатында 2027 жылға арналған жоспарын таныстырды.

Бизнесте не өзгереді?

Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин ведомствоның алдағы жоспарларын баяндады:

  • Мораторий: Министрлік депутаттармен бірлесіп, микро және шағын бизнеске тексеру жүргізуге үш жылдық мораторий енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

  • Сатып алулар жүйесі: Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бизнесті қатыстыру тәсілдері түбегейлі жетілдірілмек.

  • Орта бизнеске қолдау: Орта бизнес үшін арнайы даму жоспары әзірленеді. Бұл кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдетіп, өндірісті жаңғыртуға ықпал етпек.

  • Салық өзгерістері: Бизнес өкілдерінің ұсыныстары негізінде Салық кодексіне енгізілетін түзетулер топтамасы дайын болды. Ал халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, ауқатты қазақстандықтар үшін салық мөлшерлемесін көтеру мәселесі әлі де зерделеніп жатыр.

Қазақстандықтардың табысы қалай өзгереді?

Вице-министрдің растауынша, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 110 000 теңгеге дейді өседі. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 85 000 теңгені құрайды. Осылайша, ЕТЖ-ның 110 мың теңгеге көтерілуі шамамен 29%-дық өсімді білдіреді.

Аталмыш өзгеріс 1,8 миллион адамның табысына оң әсер етуі мүмкін. Оның ішінде бюджет саласының 370 мыңнан астам қызметкері бар.

Мемлекет тарапынан экономикалық өсім мен инфляцияның баяулауы халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта баға белгілеуге бақылау күшейтіліп, тариф саясатына сәйкестендірілмек.

Сонымен қатар, Президент Жолдауындағы инфрақұрылымды ауқымды түрде салу бағытын іске асыру үшін арнайы Инфрақұрылымды дамыту қоры құрылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1284
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1810