Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 5456 24 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 13:36

Литва Тихановскаяны Беларусь президенті деп таныды

Бәріміз білетіндей Беларусь елінде 9 тамызда президент сайлауы өтіп, соңы наразылыққа ұласқан еді. Беларуьс ОСК ұсынған қорытындысы бойынша, Александр Лукашенко 80,1 пайыз, оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 10,1 пайыз дауыс алған. Бірақ халық бұл нәтижеге мүлд сенген жоқ. 

Тұтас ел көлемінде наразылық акциялары өтті. Оған алғашқыда жүздеген, кейін мыңдаған тіпті жүз мыңдаған азаматтар қатысты.

Бірақ Лукашенко бастаған Беларусь билігі бұған бола сайлау нәтижесін жоққа шығарған жоқ. Қайта күштік құрылымдарды жұмылдырып, бейбіт акцияға қатысушыларға қысым көрсетті, күш қолданды. Жүздеген адам түрлі деңгейде жарақат алып, 1 адам қайтыс болған. Мыңға жуық адам тұтқындалып, Халықаралық қауымдастықтардың араласуынан кейін босатылған.

Сайлауда Лукашенконың басты оппоненті болған Светлана Тихановская да алған бетінен қайтқан жоқ. Ол халыққа үндеу жасап, «Ұлттық лидер» болуға дайын екенін мәлімдеді. Тіпті көптеген ел Лукашенконың жеңісін әлі толық мойындаған жоқ.

Біз бұған дейін «Лукашенконың «жеңісін» кімдер мойындады, кімдер жоқ?» атты мақала жазған едік. Онда Беларусьтегі сайлау нәтижесіне алыс-жуық шетел басшыларының көзқарасы толық көрсетілді. Сол тізімде Лукашенконың «жеңісін» мойындамаған Литва болатын.

Литва президенті Гитанас Науседа «Мен Лукашенконы әлі де легитимді президент деп есептемеймін. Өйткені, Беларусьте демократиялық сайлау жоқ», - деп мәлімдеген еді.

Сөйткен Литва елінің сеймі (парламент) 10 қыркүйекте Светлана Тихановскаяны Беларусь президенті деп танитын қарарды шығарды.

«Көршілес Беларусь еліндегі жағдайға байланысты сейм халықаралық қоғамдастықты Светлана Тихановскаяны және оның бастамасымен құрылған Үйлестіру кеңесінің талабын жаңа ашық және демократиялық парламенттік сайлау туралы беларусь халқының жалғыз заңды өкілдері ретінде қолдауға шақырды», - делінген құжатта.

Литваның Заң шығарушы органы халықаралық қауымдастықтан Ресейдің Беларусьтің ісіне араласпауын сұрады.

Сондай-ақ, қарарда Халықаралық қауымдастыққа беларусь халқы мен оның заңды өкілдеріне әртүрлі саяси, экономикалық, қаржылық және визалық жеңілдік пен басқа да көмек көрсету шаралары туралы ұсыныс жазылған.

Қарардың қабылдануына сеймнің 91 мүшесі дауыс берген. Оның ішінде, спикер Викторас Пранцкетис, сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс және барлық парламенттік фракция өкілдері бар.

Александр Лукашенконың сайлауда әділетсіздік жасағанын, наразылыққа шыққан азаматтарға қысым көрсеткенін айыптап жатқан халықаралық ұйымдар аз емес. Ал АҚШ жұрты Беларусьте адам құқығын бұзу және қудалау фактілеріне қатысы бар ресми тұлғаларға санкция салуды жоспарлап жатыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді.

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502