Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 7722 17 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 16:00

Бекболат Тілеухан: Бұл қисынға келмейтін жала!

Жуырда әлеуметтік желіге ұзақтығы сегіз минуттан асатын бейне жазба тарады. Аталған ақпаратты таратушы түрлі «you tube» арналардағы бейне жазбалардың да, желідегі гу-гу әңгіменің де тақырыбы  – Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан туралы. «Бекболат Тілеухан Сирияға қару сатып жүр ме?», «Бекболат Тілеухан «контрабандист» болып шықты» т.б.

Бейне жазба «Нағыз Қазақ» «you tube» арнасында 10 қыркүйек күні, яғни, кеше жарияланған. Онда қолға түскен ер азамат көлік ішінде отырып техника шығаруға және оны сатуға қатысы бар адамдардың атын атайды. Оның ішінде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да қатысы бар екені айтылған.

Желіде тараған ақпарат

«Қазанда Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірге бір іс бастадым. Ерқанат Құсайынов Астанада департаментте жұмыс істейді. Біз техниканы шығардық, тағы бір әскери адам бар. Мен ақша салып, әскери адамнан техника сатып аламын. Ерқанат та ақша салды», - дейді ол.  Сондай-ақ, осы іске депутат Бекболат Тілеуханның да қатысы бар екенін айтады.

Бекболат Тілеуханның жауабы

51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Аталған бейне жазба қазір әлеуметтік желіде қыз талқыланып жатыр. Ал Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде өзіне тағылған «шетелге қару сатты» деген айыпқа жауап беріпті. Депутат Бекболат Тілеухан Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрілігіне видео автоларының үстінен шағым түсірген.

«Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді.

Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші - видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім.

Сондай-ақ, осы жалған ақпаратты таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұрадым», - деп жазды депутат Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

;fbclid=IwAR16ol5xZp7FHrqHzvqlClxLSgR8vnspIR-t0Z9cj_ndNdqNO5BIWKGyh3I

Ал депутаттың жауабы жарияланған бір минутқа толар-толмас бейне жазбада: «Видеоны көрдім, өте жақсы спектакль жасаған. Бір адам ұсталып, сол жауап беріп отырған секілді. Адамдардың аты-жөнін айтады. Жала болғанда да, қисынға келмейтін нәрсені айтқан. Осы мәселеге байланысты менің абырой-беделіме нұқсан келтірген адамдарды табуды, видеода аты аталған барлық тұлғаны анықтауды ұлттық қауіпсіздік комитетінен, басқа да құқық қорғау органдарынан, қауіпсіздік кеңесінен өтінемін», - деді Бекболат Тілеухан.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496