Елшіліктің хабарлауынша, мұндай мәлімдемеге ешқандай негіз жоқ, ал Аттакуров болса Ресей азаматтығын алған, ол жеке пікірін айта алады.
«Қырғызстан - тәуелсіз, зайырлы мемлекет, халықаралық құқық субъектісі және халықаралық қатынастардың тең құқылы қатысушысы.
Бұған қоса, Конституцияда орыс тілі мемлекеттік емес, ресми тіл екені айтылған. Қырғызстан басшылығы тәуелсіздікті, мемлекет аумағының тұтастығын сақтауды және ұлт мүддесін қорғауды көздейді»,- делінген елшілік мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, Аттокуров орыс басылымына берген сұхбатында: «Қазір көп қырғыздың басында Ресейдің құрамындағы республикалардың бірі болу туралы ой пайда болды», деген болатын. Ал, әлеуметтік желі қолданушыларды бұрынғы елшінің мұндай мәлімдемесін сынға алған.