Сейсенбі, 12 Қараша 2024
Біздің шенеунік 5270 9 пікір 21 Қыркүйек, 2020 сағат 12:34

Архимедтің «қамқорлығының» сыры неде?

Жалпы, біздегі басқару жүйесіндегі облыс әкімдерінің орны тіпті де ерекше бөлек. Жоғарыдан тағайындалған соң ба, өздері иелік етіп отырған жерде қарақұрым халық бар-ау, олардың тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы мен талап-тілегі қандай, оларды не толғандырады, не алаңдатады деген сауалдарға мүлдем басын қатырмайды десе де болады. Бұлардың басты мақсаты - алдымен өз беделін, қазіргі тілмен айтақнда рейтингісін көтеру. Ол үшін, әрине, жоғары жаққа неғұрлым жақсы атты көрініп, қай салада да қомақты көрсеткіштерді солай қарай тоғыту.

Мұмкін, әкімдердің барлығы бірдей мұндай емес те шығар. Кей-кейде халықтың қамын ойлап қоятындар да бар болар. Олардың көңілінен шығатын бірер шаруалар тындырып, жылдағы шығарылатын рейтингінің жоғары жағынан жылт етіп байқалып қалатындар да жетерлік. Алайда, сол жергілікті халыққа тікелей тәуелді, алдағы болашағы солардың беретін бағасына тікелей байланысы болмағандықтан сол облыстың «қожайыны» жатпай-тұрмай сол жұрттың қамын ойлайды, тек қана солардың тыныс-тіршілігімен ғана өмір сүреді деуге ауыз бармайды. Мүмкін, мұның өзі «осы орынға қаншанғы тұрамын дейсін, одан да өз қамымды да ойлап қалайын» деген пенделік ойдан да туындайтын да шығар. Кім біліпті?

Алайда халық алдында еш жауапкершілік жоқ жерде жанашырлық, халықтың қалтасынан жиналған бюджет қаражатын ұқыпты жұмсайын деген адал ниет олардың бойынан мүлдем табыла қоймайды. Өзгесін білмеймін, біздің облыстың әкімі Архимед Мұқанбетовтың өмірдегі ұстанған «пәлсапасы» міне осындай. Ол үшін, мәселен, бюджеттің ақшасы түбі жоқ, сарқылмайтын дүние. Қалай шашсаң да жетеді.

Мәселен, осында біресе «киіз», біресе «миіз» болып ойнайтын, негізінен келімсектерден құралған, «Тобыл» футбол командасының бұрынғы 2 миллиардтық бюджетіне бірден тағы да 1 миллиард теңгені «мырзалықпен» қоса салды. Егер, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «кәсіби спортқа бюджет қаржысын босқа шашуды доғару керек» деп қадап айтпағанда, кім біоіпті, «Тобылдың» табысы осы Тобыл өзеніндей тасып кетер ме еді. Одан қалды, өзін артында «спортты ерекше сүйетін әкім» деген атты қалдыру үшін тіпті де тыраштанып бақты. Қостанай қаласының халқы 200 мыңнан сәл астам жай қатардағы шаһарлардың қатарына жататындығына қарамастан ол анау-мынау емес, қолақпандай 4,5 миллиард теңге шығарып, Нұр-Сұлтандағы стадионмен ғана таласа алатын «Тобыл-арена» деген жабық стадион салды да тастады. Мұны аз десеңіз, дәл олсындай алапат қаржыға елде жоқ мұз сарайын салуға да жедел кірісіп кетті. Мұнда ойын ойнайтын хоккей командасы облыс орталығында мүлдем жоқ екенін, ондай ойыншылар тек орыс ұлтынан ғана жасақталған, қаладан 40 шақырым жердегі Рудный қаласында тұрып жатқанын естен шығарып алса керек.

Сірә, біздің әкіміміздің шектен шыққан «мырзалығы» жоғары жақтың да құлағына жеткен секілді. Өткен жылғы үкімет отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Архимедтен «Сіздерде не, әлеуметтік мәселелрдің бәрі шешіліп, енді қымбат ғимарат салу қалды ма?» деген сауалына ол «Бұл қалалық қоғамдық кеңесте шешілген» деген сылтаумен құтылып кетті. Бұдан әрі оны түптен қаузалаған да ешкім жоқ. Жалпы, бізге осы жерде әлгі жалпы құны 9 миллиардқа жететін қос ғимарат шын мәнініде осындай сомаға тұра ма? Оның нағыз сметалық құны қандай? Бұған қандай материалдар пайдаланған? Оның бағалары тым асыра көрсетілген емес пе деген сауалдар маза бермейді. Мүмкін мұнымен тиісті органдар айналысар? Өйткені қазіргідей карантин кезінде бюджетттің әрбір теңгесінің орынды жұмсалуы өзекті мәселеге айналып тұр емес пе?

Біздің әкімнің «жақсы» қасиеттері мұнымен шектеліп қалмайды. Ол кісінің өзі қойған басышлырға деген «қамқаорлығы» мен «жанашырлығы» тіпті ерекше. Мәселен, өз кадрымыз табылмағандай, өзі неше жерде істеп тұрақтай алмаған Дудник дегенді осындағы денсаулық сақтау басқармасына басшы етіп қонжита салды. Сірә, жоғары жақтағы бір мықтының «өтінішін» жерге тастай алмаса керек. Жарайды, ісетесе істесін. Алайда ол қарамағандығалар қаншама дүниені былықтырып жатса да, орнынан мызғымайтын бір «мықты» болып шықты. Мәселен, былтыр оның тікелей бағыныштысы, яғни өзі тағайындаған облыстық онкоклогиялық диспасердің бас дәрігері пара алып, сотталып кетті. Мұны аз десеңіз, осы жақында ған облыстық туберкулез джиспансерігнің бас дәрігері дәл осындай айыппен ұсталды. Ал Дудникке не болды дейсіз ғой? Ештеңе де. Ол батырың Президентіміздің «қарамағандығылар пара алып ұсталса, отставкаға кетуі керек» деген нұсқауын да, сол туралы заңды да пысқырған жоқ. Дым білмегендей әлі де жұмысын бұрқыратып істеп жатыр. Ал оған «Мұның қалай?» дейтін әкіміз жоқ. Бейне бір, бұл өзі қойған кадры емес, басқа бір жердегі, танымайтын жан секілді. Бұл не, жай ғана «жанашырлық» па, әлде астарында біз білмейтін құпия дүние бар ма?

Бұл,сірә, әкімнің қауырт жұмыс үстіндегі байқамаған бір кем дүниесі шығар десеңіз, өте қателесесіз. Осында облыс орталығынан 40 шақырым жерде ораналасқан Рудный деген, негізінен өзге ұлттар басым тұратын қала бар. Оның Бақытжан Ғаязов деген «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» әкімі бар. Былтыр осындагы саябаққа жалпы құны 320 миллион теңге тұратын айналмалы дөңгелек саламын деп әлек болды. Салды. Алайда, ол алғаш қатты жел тұрған кезде қатты теңселіп кетіп, жұрттың зәресін ұшырғаны бар. Содан мамандардың қортыныдысы бойынша ол іске жарамсыз болдып шықты. Яғни бюджеттің осыншама қаржысы желге ұшты. Бұл сорақылықа біреу жауап берді деп ойлайсыз ба? Ешкім де жауап берген жоқ. Қала әкімі «мен бұдан еш хабарым жоқ» деп «судан таза, сүттен ақ» болып шықты. Тіпті осы мәселені тексерген пейіл танытқан сотқа да қайта-қайта шақырып, әзер келтірілді. Сөйтсе, қаланың шаруасынан қолы тимейтін көрінеді. Адам айтқысыз, ғажап дүние. Әкім қаланы басқарады, алайда сол қала бюджетіне ондаған миллион теңігесінің қайда жұмсалып жатқанынан мүлдем хабарсыз болдып шығады. Адам сенбейтін ертегі дерсің. 

Мұны аз десеңіз, жақында ғана осы қалаға қарайтын Қашар деген үлкен бір кенттің әкімі парамен ұсталып, сотты болып жатыр. Сонда да Ғаязовың қыңқ етпейді. Онысы түсінікті де. Жоғарыда отырған Архимед «көкесі» ең болмағанда «мұның қалай?» деп сұрамағаннан кейін, өзімдікі дұрыс екен деген ойға қалатындығы сөзсіз.

Жалпы бізде ақшаға құнығамын деп абройсыздыққа қалып жүрген өзге басшылар да жетерлік. Мәселен, өткен мамыр айында осындағы Жерді пайдалану мен қорғау басқармасының басыты ұтсалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны әдеп жөнінідегі кеңесте қызметінен босатуды ұсынды.

Ал енді осындағы білім басқармасының бастығы Цымбалюк өзінің тікелей қарамағындағы ақпараттық талдау орталығының басшысы Павличенко дегеннің мемлекеттік қызметшіге пара беру секілді ауыр қылмыс жасап, сотталғанына қарамастан өз еркімен арыз беріп, жұмыстан босады. Ол қазір еш мұрты қисаймастан «Сенім» деген тәуелсіз кәсіподақты басқарып, шалқып жүріп жатыр. Оған заңға сәйкес еш шара қолданылған жоқ. Және де бәрімізді мазақ еткендей «Мен ол жұмыстан шаршағанан кейін кеттім. Басқа мамандық таңададым» деп мұртынан күледі. Сірә, ол да Архимедтің далаға тастамайтын аса қымбат кадры болса керек.

Облыс орталығындағы жағдайдың да оңып тұрмағандығы да белглі. Мұндағы әкім Қайрат Ахметов те Архимед үшін еш уақытта орны толмайтын, күндіз шам алып іздесе де таптырмайтын әкім. Сондықтан оның қол астындағылардың «еркелігіне» Ахметовты кінәлі деп санамайды. Өткенде қала әкімдігіне қарайтын тұрғын үй-шаруашылық бөлімінің бастығы Тарасов  деген ұсталып, қылмысын мойындады. Бұдан соң осы қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінің басышсы Қанат Нұралин 800 мың теңгемен ұсталды. Содан көп ұзамай оның тікелей орынбасары да парамен қолға түсті. Оған да қыңқ еткен әкім жоқ. Өйткені түсінікті. Өзіңнің бастығың «Соқыр теке, бақ-бақ» ойынын ойнап отырса, өз басыңа пәле тілеп алып, нең бар.

Мінекей, қазір бүкіл еліміз болып сыбайлас жемқорлық деген пәленің табырына балта шабу жолдында күресіп жатқанда, оған жол берген қандай да басшыдан арылуды мықтап қолға алып жатқанда, біздің әкіміміз мұндай кадрларды қорғаштап, шыш-быж болып отырған жайы бар. Осындайда қазақ атамыздың «Сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын» деген мақалы еске түседі. Бұл не деген жаны сірі мақал десеңізші.

Жайберген Болатов

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1227
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2940
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3243