Сенбі, 23 Қараша 2024
Арандату 7262 20 пікір 24 Қыркүйек, 2020 сағат 10:55

Божко 7 жылға сотталуы мүмкін...

Қостанай облысы, Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Божко ұлттық араздық тудыратын мәлімдемесі үшін заң алдында жауап береді. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті хабарлады. 

«kznews.kz» сайтының хабарлауынша, бүгінде қостанайлық полицейлер облыс тұрғынына қатысты тергеу амалдарын бастаған.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер «YouTube» арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді. Қазір күдіктінің тұлғасы анықталып, тергеу шаралары басталды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп мәлімдеді Қостанай облысының полиция департаменті.

Божко атышулы видеожазбасында «қазақ тілін – маймылдардың тілі, қазақтар – маймылдар» деп атаған болатын. Кейін мас болғанын айтып, халықтан кешірім сұрады.

Бірақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 174-ші бабында әлеуметтік, ұлттық, рулық, діни араздықты қоздырғандарды жауапқа тарту көзделген. Онда «азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiне» қол сұғуға болмайтыны анық жазылған. Егер адам қандайда бір араздықты қоздыру үшін әрекет етсе, не болмаса сол әрекетке шақырса, онда ол аталған бап бойынша жауапқа тартылады. Заңда солай жазылған.

Осы бапқа сүйенсек, тұтас ұлтты кемсітіп, ұлтаралық алауыздықты қоздырғандар үшін кешірім сұрау жеткіліксіз. Сол үшін Божко секілділер заң бойынша жауапқа тартылғаны жөн-ақ...

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397