Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3595 0 пікір 30 Желтоқсан, 2011 сағат 06:36

Бек Датұлы. Жаңа жылға - 4 млрд, Жаңаөзенге - 2 млрд теңге бөлінді

Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары биыл жаңа жылдық шырша сатып алу үшін 3,8 миллиард  теңге және оның әлем-жәлемі мен карнавалдарға 233 миллион теңге жұмсаған.

Бұл ақша тек жаңа жылдық шыршаларға ғана емес, егуге арналған шыршаларды да сатып алуға бөлінген қаражат деп алдаусыратады биліктің дерек көздері. Бұл бір жағынан жеріміздегі орман-тоғайдың жыл сайын азайып бара жатқанына орай экологтар көтерген дабылға қайтарған алдамшы жауаптары деп түсінуге болады.

Ақыры мерекеге шығындалған осыншама қаражат желге ұшқанмен тең болып тұр. Өйткені, елбасының емеуіріні Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменовтің ауызынан бұйрық болып шығып,  барлық мемлекеттік мекемелерге корпоративтік той жасауға тиым салынды. Бұл шешім Жаңаөзен мен Шетпедегі қайғылы оқиғаларға байланысты қабылданып отыр. Дегенмен, жыл бойы Аяз атаны аңсап, жаңа жылға жарты жыл бұрын дайындалатын шенеуніктердің көбісі жаңа жылдық корпоративтік тойды Тәуелсіздік күнінен бұрын атап өтіп қойғандықтан ол бұйрыққа аса қайғырып отырмаған көрінеді.

Айтпақшы, жаңа жылдық ырың-жырыңға 4 миллиард теңге бөлінсе, қирап қалған Жаңаөзенді қалпына келтіруге 2 миллиард теңге жеткілікті деп шешілген.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333