Жұма, 22 Қараша 2024
4027 6 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 12:04

Қордай оқиғасына қатысқандарға сот үкімі шықты

Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қақтығысқа қатысқандарға үкім шықты. Бұл туралы tengrinews.kz мәлімдеді.

Іс 18 тамыздан бастап Алматы гарнизонының әскери сотында қаралды, себебі сотталушылардың бірі әскери адам болған. Айыпталушылардың бесеуі "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты" деп айыпталды - олар Ерлан Бұралқынов, Алмат Тілеуғалиев, Рүстем Бежібай, Ұлан Атанбаев және Абзал Нұраханов.

"Сондай-ақ, Бежібайға "биліктің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақырды" деген айып тағылды. Сонымен қатар, Нұрахановқа "аса ірі көлемде ұрлық жасады" деген айып тағылды", - делінген қылмыстық іс құжаттарында.

Тағы екі сотталушыға - Бақытбек Ибрагимов пен Мырзағали Дүйсенбаевқа "аса ірі көлемдегі ұрлық жасады" деген айып тағылды.

Бұралқынов, Нұраханов және Ибрагимов қамауда отырды, ал қалғандары үйден шықпау туралы қолхатпен және жеке кепілдемемен ұсталды.

Сот шешімімен барлық жеті айыпталушы болжамды қылмыстарға кінәлі деп танылды:

- Бұралқынов, Атанбаев және Тілеуғалиев үш жылға бас бостандығынан айырылды, оны орта қауіпсіздіктегі мекемесінде өтейді;

- Атанбаев аға сержант атағынан айырылды;

- Бежібай төрт жылға сотталды, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді;

- Дүйсенбаев бес жылға бас бостандығынан айырылды;

- Ибрагимов жеті жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейді;

- Нұраханов сегіз жылға төтенше қауіпсіздік мекемесінде түрмеге жабылды.

Айта кетейік, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи аулында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан.

Ауқатты аулы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шыққан. Қақтығысқа қатысқандар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. Қақтығыс салдарынан 11 адам қаза тапқан болатын.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320